Ғафур Мұхамеджанов 90 жылдығына орай. Тұғыры биік тұлға

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 738
  • Эссе
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18293


90 жылдығына орай.
Тұғыры биік тұлға

Ұлан-байтақ даламыздың сонау ата-бабалырымыздан бергі қасиет қонған жерлерінің бірі – Сыр өңірі. Осы қасиетті жерде қазақ халқына еңбегі сіңіп, халқына қалаулы, еліне елеулі болған азаматтары көп-ақ. Олар халқына артынан өлмес мұра, өшпес із қалдырып, бар саналы ғұмырын еліне адал қызмет етуге арнаған Сыр елінің біртуар азаматтары.
Өлкеміздің тарихында елеулі орын алып, есімі алтын әріптермен жазылатын Сырдың тумасы Ғафур Мұхамеджанов. Қиындығы мен қайшылығы көп, аласапыран заманда өмір сүре жүріп, елі үшін аянбай еңбек еткен атамыз жайында сөз қозғау біздің еншімізде. Халқына адал, жолдастарына мейірімді Ғафур Мұхамеджанов 1924 жылы Жаңақорған ауданына қарасты «Өзгент» ауылында дүниеге келген. Небәрі 16 жасқа келген шағында әлемді дүр сілкіндірген дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл соғыс атамыздың маңайынан да айналып өткен жоқ. 18 жасында майданға аттанды. 1942-1945 жылдар арасында Ғафур Мұхамеджанов Ленинград майданында болып, Маннергейм қамалы, Выборг, Тарту қалаларының шабуылында ауыр жараланып, ес-түссіз госпитальға түсіп, төрт айға жуық емделеді. Дәрігерлердің берген анықтамасы бойынша жауынгерлік жорықты жалғастыруға жарамайды. Майданда азаматтық борышын атқарып жүрген Ғафур Мұхамеджанұлы балдаққа сүйеніп, өзінің туған жері Жиделіарық ауылына оралады. Соғыс майданында жүріп, жасаған ерліктері үшін көптеген мадақтамалар алады, олар: «Ерлік көрсеткені үшін», III дәрежелі «Даңқ», Бірінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «1941-1945ж.ж. Германияны жеңгені үшін» ордендерімен марапатталған.
Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған Ғафур Мұхамеджанұлының өмір жолы өзгелерден ерекше. Соғыстан оралғасын Шиелі аудандық партия комитетінің қабылдау бөлмесінен тіршілік сүрмеуіне қадам басады да, 20 жылда бір жерде, бір елде басшылықтың барлық баспалдағынан өтіп аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына дейін өседі.
- 1945-1947 жылдар аралығында Шиелі аудандық Совет атқару комитеті аппаратында.1947жылдың қарашасынан

- 1959 жылдың қаңтар айынан 1964 жылдың желтоқсанына дейін аудандық Совет атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды.
- 1964 жылдың желтоқсан айынан 1975 жылдың желтоқсанына дейін Шиелі, жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет етті.
- 1975 жылдың желтоқсанынан 1979 жылдың қазан айына дейін облыстық партия комитетінің әкімінің сауда-қаржы жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
- 1979 жылы қазан айынан 1986 жылдың қаңтарына дейін облыстық Совет атқару комитетінің орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
40 жылдай уақытқа жуық өмірін облыстық партияда, Шиелі, Жаңақорған аудандарының атқару комитеттерінде басшылық қызметтерді атқарған Ғафур Мұхамеджановтың еңбегі мінсіз еді. Ғұмырының ащысы мен тұщысы, қызығы мен қиындығы көп шақтары да осы Шиелі топырағында өткен болатын.
Қазақ халқының кемеңгер ұлдарының бірі Дінмұхамед Қонаев Шиеліге екі рет келгенінде, Ғафур атамыздың үйіне барып, дәм татып, жасаған істеріне, өзіне ризашылығын білдіріп: «Ғафеке, жұмысты таза, әділ, батыл жасайды екенсіз» - деп, жылы да, тұжырымды лебіз білдірген екен.
Елінің атағын барша әлемге жайып, ақ күріштің атасы Ыбырый Жахаев Сыр бойында күріш өндіруден дүниежүзілік рекорд жасаған болатын. Мемлекет сыйлығының иегері де болды. Сыр елінің диханшылары жаңадан бой тіктеді. Араларында ел басқарып жүрген азаматтардың қатарында Ғафур Мұхамеджанов та жүрді. Шиелі халықтарының ызы судан қиындық көріп, осы үшін облыс басшысынан ақша аударуын сұрап, төрт канал қаздырған. Онан соң аудан орталығына мәдениет үйін соғуға үлкен ықпал етіп, сол үшін басшылар тарапынан сөгісте алып, Шиелі кенті көшелері және ауылдардың ара - қатынас жолдарын салуға тікелей араласып аяқтатты.
Ғафур Мұхамеджанов тек қана ел басқарып қана қоймай, білгір де білікті, әділ де озық ойлы, болмысы бөлек азамат бола білді. Ал, ол кісінің арамыздан мәңгілікке кеткелі біршама жылдар өтті. Атамыздың қазіргі күнде арамызда жоқтығы көңіл жабырқатады. Білетін кім-кімнің де жүрегінде. Бірақ жадымызда халқына қалтқысыз қызмет етіп, адамдар тіршілігінде жасаған істерімен, айтқан сөздерімен мәңгілік жасай берері хақ.

Күләйхан Жанқошева,
№206 «Жиделіарық» орта мектептің
тарих пәні мұғалімі.
Шиелі ауданы. Тәрбие.орг сайтынан Ғафур Мұхамеджанов 90 жылдығына орай. Тұғыры биік тұлға Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Күләйхан Жанқошева

№206 «Жиделіарық» орта мектептің тарих пәні мұғалімі.

Пікірлер: 0

avatar