Атама арнау

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 551
  • Эссе
  • 16/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21049


Атама арнау
Ұлы Отан соғысында ерлікпен,
Ел қорғаған Батыр ата ұрпағы
Мен боламын, мақтан етем әрдайым
Өйткені ол қазағымның ардағы.

Соғыс жылы ерлігімен ерекше,
Көзге түскен Батыр болды бір екше.
Белібаев Зәкарияның ерлігі
Днепрден өткендегі бөлекше.

Осы ерлігі аңыз болды ұрпаққа,
Үлгі-өнеге бүгінгінің бәріне.
Сол бабалар ерлігімен бүгінде
Шырқап жүрміз Ұлы Жеңіс әніне.

Мен үшін бұл үлкен Бақыт емес пе?
Сол кездерді сағына алам мен еске.
Атам тірі, алдында мен еркелеп
Шығушы едік Архаттағы белеске.

Қызығатын менің құрбы достарым,
Мақтанышпен қарайтұғын жас жаным.
«Батырдың қызы» менің атым еді ғой
Шығатұғын сыңғырлаған асқақ үн.

Батыр атам елі үшін қан төкті,
Ұрпағым деп Ұлы ұрыста ерлепті.
Сол атамның арманы боп бүгін мен
Білім берер ұстаз болдым көрнекті.

Елімізде бейбітшілік әрдайым,
Бола берсін, жайнай берсін бар маңым.
Ұрпағымыз зайырлы елде өркендеп
Бақытпенен арта берсін әр таңым. Тәрбие.орг сайтынан Атама арнау Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы

Алматы қаласы №74 жалпы білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar