Бақытқа кенелген тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті

  • Жүктеулер: 17
  • Көрсетілім: 975
  • Эссе
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22494


Бақытқа кенелген тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті .
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қ.Аманжолов
Асылы , адамзат атаулы шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап –ақ өзіне жақын ата –анасын таниды , жер басып өмір сүретін қасиетті де құтты мекенін табады .Мен осынау үлкен , толқынға толы өмір мұхитында жүзген сәттен бастап өзімнің керемет ,бай өлке перзенті екенімді сездім . Дана халқым : Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары , - деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Кең- байтақ , тәуелсіз елім Қазақстанның көркейіп дамуына , дамыған елдер қатарынан бой көрсетуіне зор ықпал ететін ұлы тұлға –Елбасы екені даусыз .
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында тіліміз мемлекеттік мәртебесін алып, мемлекеттік тіл болып дамуда .
Егеменді елдің ұрпақтары туған жер туралы толғам ай , тебіренбей жата ала ма ?!
О, туған ел, қасиетті топырағың,
Сендік махаббатымның оты —жалын
Сені қалай сүюдің керектігін,
Мен ешқашан кітаптан оқымадым ,- деп Фариза ақын айтқандай, туған елге деген сүйіспеншілік сезімі ананың ақ сүтімен , әкенің қанымен берілетінін бәріміз де жете түсінеміз .

Елбасымызды қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы деп білемін .
Тарих беттеріне үңілсек , ата –бабаларымыз қилы да қиын кезеңдерді бастан кешірген .Сан ғасырлар бойы бейбітшілік таңын аңсап , еліміздің егеменді ел болатынына нық сенген .Осы жолда қасық қандары қалғанша аянбай күрескен .
Н.Ә . Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып тағайындалған сәттен бастап жүрегі елім , жерім деп соқты .Оның ел билеу саясаты ұтқыр да ұтымды .
«Адам мен адамды , халық пен халықты теңестіретін – білім » деген екен ұлы жазушы М.Әуезов .Осыны ұғынған Елбасы халықтың , жастардың білімді болғанын қалап жағдай жасайды .
Еліміз бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуі үрдісінде халық үшін маңызды болып табылатын басты міндет - жеке тұлғаның функционалдық білімін арттыру. Тұлғаның функционалдық сапалары белсенділік , шығармашылық тұрғыда ойлауға және өз бетімен шешім қабылдай алуға , белгілі бір кәсіп таңдай алуға қабілеттілік , өмір бойы білім алуға дайын тұру дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді.
Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауы » ел дамуының негізі . Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарынан бой көрсету үшін осы жолмен жүру керек .
Елбасы халыққа жолдауында ел дамуының бағытын жоспарлаған . Мемлекеттің қауіпсіздігі , экономика , бизнес , ақпарат , ғылым мен техника , денсаулық салаларына қатысты өзекті ой өрбіткен . Ұлт болашағы жастар екенін басты назарға алып , «Балапан » бағдарламасы негізінде түрлі жұмыстар жүргізілуде . Елімізде балабақшалар мен оқу орындары көптеп салынды .
Ана мен бала денсаулығы мықты ұрпақтың дамуына септігін тигізетінін ескеріп , ана мен балаға жағдай жасауда .
«Назарбаев » зияткерлік мектебінде елдің болашағын қалайтын жастар білім алып жүр .
«Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін айтсақ та жеткілікті» деп Елбасы өз жолдауында атап өткендей еңселі елорда- Астана елдің мақтанышы .
Қазақ елінің қалыптасуы мен дамуы , әлемге танылуы үшін түрлі ұлттық құндылықтар болуы сөзсіз . Міне , осындай асыл қазыналар мен құнды әдеби мұраларды қайта жаңғыртып , рухани байлықтың өшпей сақталуы мен келешек ұрпаққа аманат етіп жету үшін де көп жұмыстар атқарылуда .
Желбіреген туымыз көк аспанмен түстескен , көгінде күн нұрын төккен ел болғандықтан күн бейнеленген . Еркін құс бүркіт бейнесінің тудан орын алуы да тегін емес. Мұның барлығы Елбасының көрегендігі мен терең ойлылығының арқасы .
Өз сөзімді Елбасы жолдауынан үзінді келтіріп қорытайын :
« Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?
Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.
Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.
Қымбатты отандастар!
«Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры – бірлікте,
Жүдеудің сыры – алауыздықта.
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.
Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.
Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін » .
Міне осындай терең мазмұнды ой тастап , халқына жолдау арнап отырған Елбасы кемеңгер екені анық . Осындай басшысы бар қазақ елі қарыштап дамитыны анық . Бейбіт өмір сыйлаған , халқының қамын ойлаған Тұңғыш Президент мәңгі жасасын. « Қолда барда алтынның қадірі жоқ » дегендей бейбіт өмірдің қадіріне жетейік , отандастар Тәрбие.орг сайтынан Бақытқа кенелген тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ашенова Айгуль

ОҚО Мақтарал ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №91жом Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar