Балабақшада баланың сөйлеу қабілетінің дамуы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 412
  • Эссе
  • 20/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22848


Балабақшада баланың сөйлеу қабілетінің дамуы
Дүниеге келген баланың өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіші сөйлеу қабілетінің дамуы болып табылады. Дәл осы себептен балабақшаларда сөйлеудің дамуына аса үлкен мән беріледі. Сөйлеу қабілетінің дамуына орай өткізілетін сабақтың негізгі мақсаты – балаға туған тілін жетілдіруге көмек беру. Бірақ бұл жұмыс жеңіл емес, себебі мектепке дейінгі жастағы бала тірек-сызбаларға қарап септелу, жіктелу, жай және құрмалас сөйлемдерді құру арқылы сөйлеп кететін мектеп оқушысы емес.
Сөйлеу қабілетінің дамуына арналған сабақ үш жастан бастап жүргізіледі. Кіші топтағы балалардың сөйлеуі түстерді ажыратудан, кеңістіктегі заттардың орналасуын (алыс, жақын, жоғары, биік, т.б.) анықтаудан, геометриялық фигураларды сипаттаудан басталады. Бұл сабақтың арқасында балалар сөздердің жаңа тобын, олардың қандай құбылысқа қатысты екенін (мысалы жансыз немесе жанды дүние) меңгереді. Мәселен, жеміс-жидектер, көкөністер, гүлдер, саңырауқұлақтар, ағаштар, үй жануарлары және олардың төлдері, құстар, жиһаздар, киімдер және т.б. Тәрбиешінің басты міндеті – берілген сөздің мән-мағынасын балаға дарыта білу. Сөйлеу қабілеті тек сабақтарда ғана емес серуен кезінде де, тамақтанар уақытта да және тағы да басқа қоғамдық жерлерде де дамиды. Бұл сабақ тек тәрбиешінің сөйлеуі кезінде ғана емес кішкене көлемдегі өлең шумақтары мен мәтіндер оқылғанда да үлкен жемісін береді.
Ең алдымен тәрбиешінің сөйлеу мәнерінің тазалығы, дыбыстылығы дұрыс және әр сөйлемінің аяқталуы өте маңызды. Яғни, тәрбиеші балаға бір нәрсені істеуге тыйым салғысы келсе, бірден «жоқ» деп емес, «бұлай жасауға болмайды» дегендей сөздермен байыппен түсіндіруі қажет.
Ересектердің сөйлеу мәнері жаңа өсіп келе жатқан баланың сөйлеу қабілетінің дамуы үшін өте маңызды. Сол себепті балабақшадағы тәрбиешінің дұрыс мәнерін ата-анаға және баланың қоршаған ортасына мейлінше кеңінен тарату керек. Егер бала үйде отырып, «не?», «жоқ» секілді сөздерді үнемі тыңдай берсе, балабақшада өткізілген барлық сабақтардың нәтиже бермеуіне алып соғады.
Осындай сабақтардың өткізілуі баланың мәдениетті, ойлы сөйлеуіне, сонымен қатар сөздік қорының кеңеюіне үлкен септігін тигізеді. Кейбір балалар үшін жеке логопед мамандармен жұмыстанудың ешқандай зияны жоқ. Тәрбие.орг сайтынан Балабақшада баланың сөйлеу қабілетінің дамуы Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Суюншкалиева Данагуль Хамзиевна

БҚО Казталов ауданы "Айгөлек" шағын орталығы балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar