Баланы тәрбиелеудегі балабақша мен ата-ананың рөлі

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 282
  • Эссе
  • 21/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23058


Баланы тәрбиелеудегі балабақша мен ата-ананың рөлі
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен балабақшалар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.
Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.
Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.
Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Әрқашан баланың тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, бала- бақшаға баратын бала қай ортада болсын өз ойын ашық айтуға үйренеді.
«Ба¬ла¬лар — біздің болашағымыз.» Сондықтан ба¬ла¬лар¬ды ерек¬ше күтіп, тәрбиелеу ке¬рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойы¬на сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отыр¬май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба¬ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол¬май¬ды, адам¬дар¬мен тез ара¬ла¬са¬ды. Балабақша ең ал¬ды¬мен ба¬ла¬ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой¬лау қабілеттерін ар¬т¬ты¬ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба¬ба¬ла¬ры¬мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас¬та¬ла¬ды, яғни тәрбиенің негізі от¬ба¬сы¬нан бас¬тау ала¬ды. Балабақша, одан кейін мек¬теп адамның қоршаған ор¬та¬да же¬ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты¬рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се¬беп¬кер бо¬ла¬ды деп ой¬лай¬мын. Ата-ана¬лар таңертең бізге ба¬ла¬ла¬рын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі ама¬нат¬тап бізге сеніп тап¬сы¬рып кет¬кен балаларға жауапкершілікпен қарамауға бол¬май¬ды. Ба¬ла¬лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Олар¬ды бір күн көрмесем сағынып қаламын. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Сондай ақ, әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші ұстаздыңда атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай
тәрбие алса ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата –ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Отбасы жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір отбасы педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.

Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қаратөбе ауылы
№21 «Аққайың» балабақша тәрбиешісі Абуова Алмагүл Тәрбие.орг сайтынан Баланы тәрбиелеудегі балабақша мен ата-ананың рөлі Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абуова Алмагүл

Қызылорда обл.Жаңақорған ауданы.Қаратөбе ауылы.№21 "Аққайың" балабақшасы Балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar