Эссе

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 1033
  • Эссе
  • 02/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18370


Дуанбекова Айгүл Иманқұлқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды қаласы
№6 ЖББОМ
aygul.duanbekova.77@mail.ru

Эссе
«Мұғалім мектеп жүрегі, шәкірт оның тірегі» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінігі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Еңбек жолы жеңіл болмағанымен,бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен рахаттанып, әр баланың ақжарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге мүмкіндігі мол. Қазіргі таңда әрбір білім ордасының алдындағы басты міндет әрбір баланың дарындылығын айқындап, әр-түрлі әдістермен баланың ой өрісін дамыту. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Мұғалімнің жұмысы күрделі де, қызықты да. Өзім бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істегендіктен, шәкірттердің сүйкімді де, сүйікті қылықтары әрдайым жаныма жақын, ыстық болып тұрады. Шын айтсам кейде жұмыстан соң үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнімді талдай отырып, оқушыларымның маған деген ықыласын, маған қараған үміт толы көздерін, сол күнгі тәтті қылықтарын еске түсірсем шаршағанымды ұмытып кетемін.
Ұстаз- киелі мамандық. Адам тәрбиелеу оған ғылыми негізде мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету өте қиын- шаруа. Бір рет отыз, қырық баламен сабақ беріп көрген адам ғана оны түсіне алады. Мұғалім күнде ерлікке пара-пар жұмыс жасайды. Сондықтан осы ұстаздық мамандықты таңдап алған соң, оны жауапкершілікпен атқару керек.
Міне, Қарағанды қаласындағы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тағы да кезекті үш апталық курс кезеңіне де келіп, он екі жылдық оқыту бағдарламасы бойынша білімімізді шыңдап жатырмыз. Бұл бағдарламаның ұстаздар қауымына берер үлесі өте зор деп ойлаймын. Оқушының өзіндік жұмыс жасауына, ізденуіне, әр оқушыны зерттеуге, бақылауға алып, олардың басқа қырларынан танылыуына мүмкіндігі жетерлік. Курс барысында жаңа бағдараламаға құрылған жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерді тәжірибемізде қалай пайдаланып, қолдануымызды оқып білдік. Оқушылардың топпен жұмыс жасауына, өзіндік реттелуіне, сыни ойлауға үйрете отырып, ата-анамен жұмыс және оқушының білім көрсеткішін кретериалды бағалау бойынша, яғни қалыптастырушы бағалаудан жиынтық бағалауға өту кезеңіндегі балдық жүйені, дискриптор ұғымымен танысып, күнделікті курс барысында өз іс-тәжірибемізде қолданып көрдік. Курстың оқыту кезеңінде теория жүзінде оқығанымызды іс жүзінде қолданып, оң нәтижелерге жеттік деген ойдамын. Бұл бағдарламадан күтілетін нәтиже оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, өзіндік дәлелдеулерін нанымды, түсінікті жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі түрде дамыған, үш тілде өз деңгейінде меңгере алатын оқушы ретінде қалыптастыру болып табылады. Осы бағдарлама аясында жүйелі жұмыс істейміз деген сенімдемін. Тәрбие.орг сайтынан Эссе Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дуанбекова Айгуль Иманкуловна

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы №6 ЖББОМ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar