Ұлт болашағындағы ағартушылық қызмет

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 68
  • Эссе
  • 26/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23612


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Ұлт болашағындағы ағартушылық қызмет



ХХ ғасырдың алғашқы ширегі қазақ топырағында қоғамдық ой-өрістің дамуы мен қатар ағартушылық қызметтің елеулі дамыған кезеңі болды.
1905-1913 жылдар арасындағы оқиғалардың әсерінен өркендеп, кеңірек тарала бастаған социал-демократиялық бағыт қазақ жеріне жетті. Әр тұстан қоғамның алға басуына қатысы бар идеялар қылаң беріп жатты. Ағартушылық-демократиялық бағыттағы зиялылар, ақындар мен жазушылар бұқараны білімге, өнерге үндеу барысында едәуір бедел жинап,еңбектері арқылы танымал бола бастады. «Айқап» журналының төңірегіне жиналған қазақ оқығандары сол кездің өзінде елдің келешегінің жарқын болуын біліммен байланыстырды. 1913 жылы «Қазақ» газеті шыққан соң «Оян, қазақ» ұраны алдыңғы лекке шығып, көпшілікті өнер-білімге шақыру, отарлықтан құтылуға, азаттыққа ұмтылдыру, жерден айырылмау нысанасы ұсталынды. Мәдени-ағарту бағытын ұстанған түрлі ұйымдар мен үйірмелер Омбы, Орынбор, Семей, Ақмола , Орал, Қызылжар т.б қалаларда, елді мекендерде жұмыс істей бастады.
1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясын қазақ зиялылары қуана қарсы алды. Бұқараның азаттыққа және әлеуметтік өрлеуге ұмытылған көңіл күйін «Қазақ »газетінің төңірегіндегілер дөп басты. Қазақ зиялылары «Біздің ілгері келешек күнімізде,бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол - оқу, білім. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек өнерлі халыққа жалшы болудан басқа ешбір амал қалмайды»-деп «білімсіз-күн кәріп» екендігін анық [1, 113 б], айтады. Алаштың біртуар арысы А.Байтұрсынов « қатерлі жерде қаперсіз отырған» қазақ халқының қолы теңдікке тек сауаты ашылып, санасы оңалғанда ғана жететіндігін жасырмаған. Сондықтан алаштықтар халықты оқуға тартып қана қоймай, білім көзі кітаптар мен оқулықтар шығаруды қолға алған.
Төңкерістен бұрын қазақша шыққан кітаптар аз болса, оқулықтар жоқтың қасы еді.Сондықтан жұрттың бәрі жапатармағай жаңа тұрмысқа аяқ басып, тілегі де,керегі де күннен күнге өскеннен соң, осы заманда әдебиет майданы да ұлғая түсті.Бұларды өтеу үшін алдымен күн сайын әр алуан кітап, журнал, газеттер шыға бастады.Бұлардың бәрімен танысып, бәрін оқып, білімін арттыру қара таныған азаматтардың бәріне де міндет болды.Ол үшін керекті кітаптармен оқулықтарды қайдан табуға болатынына көмектесу үшін,алаштықтар «Көрсеткіш» басып шығарды.[2, 123 б]. Бұнда кітаптың қайда, қашан басылғаны, кім шығарғаны, кім аударғаны, көлемі де көрсетілген еді.
Мектептер, кітапханалар, мекемелер, оқушы жастар,жәй адамдар бұл көрсеткіштен қандай кітаптар басылып шыққанын көрген соң, жер-жердегі «Білім» дүкендерінен керегін алып отырған. Осы көрсеткіш әр түрлі бөлімдерге бөлініп,оқу құралдарының қысқашы мазмұны мен авторлары көрсетіліп беріліп отырды. Оқу кітаптары, құралдары қарастырылған I-бөлімде, Ахмет Байтұрсыновтың жазған оқулықтары төмендегіше көрсетілген:
1. Байтұрсынұлы Ахмет. «Әліп-би» . Төте оқу мен тұтас оқу екеуіне де жарайтын түрде жазылған жаңа құрал. Қазақ тұрмысына үйлесімді сүгіреттері бар. Емлесі жаңа.Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған. Қызылорда.1926 жыл.
2. «...Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «әліп-биі»( Оқу құралы) қазақ жұртына орасан пайда келтірген еді. Бұрынғы әліп-биі қазақ мұғалімдерін ең алғаш Европа оқу әдістерімен таныстырудың үстіне, кезінде әрі жаңа, әрі төте жол салып, қазақ арасында оқу жөнінде ескілікті жойған еді.Бірақ, мына жаңа әліп-би бұрынғысынан қай ретте болсын артық. Сөздері баланың ұғымына аса қолайлы тәртіппен құралған. Бұл әліп-би дыбыс әдісімен де, Америка әдісімен де оқуға ыңғайлы.Шығарушының үлкен шығармашылығы көрініп тұр.Оқушыға бұл әліп-би аса қызықты, баланы өздігінен білуге, өздігінен үйренуге ұмтылдыратын түрде жазылған. Тәжірибесі аз мұғалімдер мұнымен дыбыс әдісі бойынша да оқыта алады. Мазмұн жағынан да, әдіс жағынан да артық кемшілік таба алмадық...».
2. Байтұрсынұлы Ахмет. «Тіл-құрал». Қызылорда.1925 жыл.
3. Байтұрсынұлы Ахмет. «Сауат ашқыш».(Сауатсыз үлкендер үшін 1-басылуы). Орынбор.1924 жыл.
4. Байтұрсынұлы Ахмет пен Шонанұлы Телжан. «Оқу құралы».3-4 жылдарда оқытатын кітап хрестоматия. Қызылорда.1926 жыл.
II-бөлім тәрбие – оқыту әдістеріне арналған, онда Ахмет Байтұрсыновтың қазақ мұғалімдеріне арнап жазған «Баяншы» (Қазан.1920 жыл), «Әліппе астары»( Орынбор 1924 жыл) атты әдістемеліктері берілген. Ал, халық әдебиетіне арналған YIII-бөлімде Байтұрсынұлы Ахметтің жыршылар айтуынан алынған «Ер Сайын» атты кітапшасы көрсетілген.Сонымен бірге осы кітапшада Ахметтің Потанин сексенге толғанда айтқан өлеңі мен Қыр баласы жазған Потаниннің өмірбаяны бар. (Мәскеу.1923 жыл) .Сонымен бірге осы бөлімде «Маса» атты өлеңдер жинағы туралы да көрсетілген.
Халықтың қамын ойлаған алаш зиялыларының ұлтжандылықтарын көрсететін, еңбектерінің бұл бір ғана тамшысы еді.
Төңкерістен кейінгі жылдары бұрынғы алашордашылардың ел ішінде абырой-беделдерінің өсуі, халық сөзін сөйлеулері большевиктік билікке ұнай қоймаған. Олардың қазақ үшін жасағандарын кеңестік билікті мұқату, кеңестік саясатқа ашық қарсылық, қастандық деп қабылдады. Кейінен,А.Байтұрсынов Академиялық Орталыққа кетуін: «Ғылыми-педагогикалық жұмыспен еркін араласуым үшін» деп түсіндіруі сылтау еді.Шын мәнінде бұл оның «Ақ болсын, қызыл болсын, бәрібір, мен қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын мемлекетті жақтаймын» деп мәлімдеген пікірінде қалуы еді.[3, 58 б].
Қорыта келгенде, Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының келешегін сауаттылыққа жеткізу және бұқараның санасын ояту арқылы қамтамасыз ету жолын ұстады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Дулатов М. Шығармалары.1-том.-Алматы: Ғылым,1996-113 б.
2.Жұлдыз.-Алматы. 1991-123б.
3.Абай.-Семей. 2014 №1.58 Тәрбие.орг сайтынан Ұлт болашағындағы ағартушылық қызмет Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мәмет Айсұлу Мұзафарқызы

ОҚО Шымкент қаласы, "Қазығұрт" №86 жалпы рһорта мектебі тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar