МҰХТАР ШАХАНОВПЕН КЕЗДЕСУ

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 223
  • Эссе
  • 16/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21047


«Шыншыл ақын болу деген-азаптың ең азабы»
«Шыншыл ақын болу деген-азаптың ең азабы» деп жырлаған ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өзінің «Ақындықтың міндеті мен азабы» атты өлеңінде. Алматы қаласындағы №74 жалпы білім беретін мектепте халқымыздың ерен тұлғасы Мұхтар Шахановпен кездесу кеші өтті.Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып,оқушыларды жырларының құдіретін сезінуге, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулуды мақсат еткен кешіміз адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау бағытында ауқымды іс-шара өткізілді.
Тек ақын емес тілдік, ділдік мәселелер жөнінде ұлттық мүдде үшін күресіп жүрген Мұхтар аға: «Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді, Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді» десе, кейін «Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды, туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды»дейді. Тіл мен діл, рухани мүдде хақында жүрген тұлға ешқашанда тұғырынан таймақ емес.
Ақын шығармаларынан ерекше әсер алған оқушылар жырларын жатқа оқыды. 10-сынып оқушылары Тоқтаров Думан «Сізді жалғар ұрпақпын» атты өзінің арнауын арнап, ақыннан бата алды.
Ал Ерболат Жансая, Эльбек Сабрина, Заттыбекова Ақнұр, Қайсанов Данияр, Есенгелді Сәбит сынды оқушылар жырларын тебірене оқып, сахналанған көріністер көрсетті. Ақынның әндері орындалып, кешті әрлей түсті. Әсіресе, мектеп мұғалімдері орындаған «Арыс жағасында» әні ерекше әсерлі шықты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері де ақын өлеңдерін жатқа оқып, кештің жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосты.
Ақынның өмір толғаныстарын тыңдаған оқушылар ерекше әсер алды. Бұл кештің жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.Осындай ақындарымыздың шығармашылығы арқылы өмірдің қиын да қызық асуларына толық көз жеткізуге болады. Ақын шығармашылығы өз бояуын жоғалтпайтын, шындықты ту ететін, тек биік шыңдарды бағындыратын туындылар екендігі қақ. Ақындығы мен азаматтығын тең ұстайтын, елдің сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған, дауласуға бар, жауласуға жоқ қасиеті басым ақыны екені даусыз. Осындай дарынды ақыны бар қазақ халқы шын бақытты халық екенін бүгінгі кешіміз дәлелдей түскендей.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы Тәрбие.орг сайтынан МҰХТАР ШАХАНОВПЕН КЕЗДЕСУ Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы

Алматы қаласы Түркісіб ауданы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar