М.Мақатаевтың «Дариға жүрек» шағын поэмасындағы «дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2591
  • Эссе
  • 05/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22503


Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды дарбоз ақынның «Дариға жүрек» атты шағын поэмасы бір ғана қазақ әйелінің тағдыры арқылы сұм соғыстың талай тағдырды тәлкекке ұшыратқандығын көрсете білген шеберлігі десек, дұрыс болар.
Жалпы алғанда, үш бөлімнен құралған осы шығарманың «Аққудай еді» атты бөлімінде Дариға-кейіпкердің психологиясын ашу мақсатында «Дариға –жүрек шөлдеді» қайталауын қолдана отырып, жас жесірдің сабырға сүйенген, алдағы күннен үміт күткен, көппен бірге күн кешкен аяулы жеңгенің асқақтата салған әсем әніне сүйінеді.
«Жалған» атты екінші бөлімінде:
«Дариға...
Тфу!!! Жаман еді аты қандай,
Сорлы аға сойқан апты, қатын алмай»,-деп, жұрт жеріген жеңгеден жас жеткіншектің де көңілі қалғанын «Дариға-жүрек шөлдеді» тіркесінің қайталануы арқылы жеңгенің азалы жағдайын, «аһ» ұрған жаралы жүрек зарын жеткізеді.
Соңғы «Намыс пен муза» атты үшінші бөлімінде осы тікестің қайталануын жаңаша қырынан беріп, туындыға тың ой қосады. Ұяты өртеп, намысы қинаған келіншек ажалға өзі бетпе-бет барады, жан жүрегін азаптаған сезімнен бостандық алады.
Осы бір тіркестің қайталануы арқылы біріншіден, автор өзінің сезімталдығын бере білсе, екіншіден, жас ғұмырдың басынан өткерген ішқұса күндерін шебер суреттеген.
Соғыс кезіндегі қиын тағдырды бастан өткерген мыңдардың құлақтан кетпейтін мұң-зары, заман трагедиясын лирикалық кейіпкер тағдырымен сабақтастырады.
«Дариға-жүрек шөлдеді». Бұл поэманың көркемдік әлемін танытатын құлақ күйі іспеттес. Тау шыңдарындағы қалақтаған ән-өмірдің қиындығынан қашып, қажыған, аласұрған, аңсағанына қол жеткізе алмаған, жүрегіне жұбаныш іздеген жанның шырқыраған үні еді. Тән қалауы мен жан қалауының үйлеспеуінен туған трагедия «Дариға-жүректің» бостандыққа –бақиға шөлдеуімен құнды бола алды. Сол құндылықты жеткізуде «Дариға-жүрек шөлдедінің» қайталануы поэма сюжетінің маңыздылығын арттыра түскен тәсіл деп ойлаймын. Тәрбие.орг сайтынан М.Мақатаевтың «Дариға жүрек» шағын поэмасындағы «дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесі Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уразова Гулсин Алдабергеновна

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar