М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кіріктіруіндегі мақсаты

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2336
  • Эссе
  • 05/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22504


«Егер олай етпесе,
Естай Естай бола ма?»,-деген ақын өлеңін «Ғашықтық ғаламатын» жеткізу жолында Естай мен Қорлан оқиғасын сыйқырмен сыйғызған ақын жайлы:
«Егер олай етпесе,
Мұхтар Мұхтар бола ма?»,-деп бұрмалауға сыятын сияқты. Неге деңіз?
Себебі, Мүхтар шығармасындағы лирикалық кейіпкер көкейтесті мәселеге жауап іздейді.
Баласы, әйелі бар бұйрабас әртіске бойжеткен қызының ғашық болып қалғанына налыған ана ақын-авторды іздеп келіп:
-Өтінемін, сол бақытсыз сорлыға,
Қол ұшын бер, ой саларлық жыр жазып,-деп, қызының ақынды ерекше көретінін, сондықтан оның сөзіне құлақ асатынына ерекше сеніммен келеді. Осы тұста автор өлең ішінде Естай мен Қорланның махаббатын шеберлікпен жеткізіп қана қоймай, «сүю бақыты-кез келгенге тартылмайтын сыбаға» екендігін дәлелдейді.
«Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады».
Меніңше, бұдан туатын ой-махаббатты кінәлауға асықпау. Себебі, шынайы махаббаттың күштілігін, оның мәңгілік екенін Естай мен Қорланның бір-біріне деген сезімдерінің қартайған шағында да өшпегендігімен, Естайдың Қорлан сыйлаған жүзікті о дүниеге өзімен бірге жерлеуін өтінуімен, Естай өлімін естіген кейуананың Естайды «жаны сұлу жанға балап», өлерінде Естайдың әнін қайталап тыңдап, «бақыттымын, бақыттымын» деп көз жұмуымен бере отырып, бойжеткен қыздың жан дүниесін ұғынуға жетелейтіндей.
Бұл тұрғыда, қазіргі кезде қосыларда «сүйдім, күйдім» деп, күн өте келе «жаңылыппын» дейтіндерге «ғашықтық ғаламатының» қандай болатынын ұғындырып, «Ғашық жыры-ешбір геометриямен өлшеуге келмейтін тірші-
ліктің өлеңі» екендігін жеткізу мақсатында ақынның Естай мен Қорлан оқиғасын кіріктіруін қалай негізсіз дерсіз?
Евгений Евтушенконың сөзімен айтар болсақ, «Естай мен Қорлан махаббатының астарында бүкіл бір ұлттың махаббатқа деген мінезі мен ерлігі жатқандықтан», бұйрабас әртіске ғашық болған қыз оқиғасына төрелік айтуға асықпай, оқырманға ой тастауды мақсат тұтқан.
Ендеше, «жүрекке әмір жүрмейтіндіктен» құлай сүйген адамдарға шектеу қоймай тұрып, ойланғанымыз жөн болар. Тәрбие.орг сайтынан М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кіріктіруіндегі мақсаты Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уразова Гулсин Алдабергеновна

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar