Маңғыстаудың заңғар жазушысы-Әбіш Кекілбаев

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 1188
  • Эссе
  • 18/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19495


Маңғыстаудың заңғар жазушысы – Әбіш Кекілбаев
Әдеби шығармалардың оқырмандарға түрлі ой салары анық. Әр көркем шығарманы оқи отырып, оқиға желісіне еріп кеткенің сонша, шынайы өмір кеңістігіне түсіп кеткендей боласың.
« Ғалымның аты өлседе, хаты өлмейді » дегендей, артында өшірілмес із қалдырып , келер ұрпаққа терең ой, мән-мағына беретін тәрбиелі, есте қаларлықтай шежірелі деректерді іздеп, еліне, халқына қадірлі болған абыз аға – Әбіш Кекілбаев.
Анасы екеуі қаншама қиыншылықты басынан өткізсе де, өмірдің қиын да, ауыр сынағынан қашпай, ана тәрбиесі мен мерейіне бөленген Әбіш Кекілбаев толассыз аянбай еңбек етті.
Әбіш Кекілбаевтың бұл еңбек деректерін том-том болып шыққан кітаптарынан оқуға болады. Әбіш жазушы ғана емес, сонымен қатар әр тақырыпта бірнеше пороза, хикая, өлеңдер жазған ақын. Оның әрбір шығармасы оқырманға терең ой салады. Проза, повесь өлеңдерін оқи отырып, сол кездегі қазақ халқының басынан кешкен оқиғаларын көруге болады. Соның бірі Ұлы Отан соғысы кезінде айтпай келген сұрапыл соғыстың бүкіл халықтың басына қара түнек әкеліп, есеңгіретіп, жеңіске жету жолында сонша жыл шайқасып еліне оралған халық хаһармандарына арналған өлеңінің бірі « Бүгін мейрам, бүгін той » деп аталады.
Ал, « Ақырғы аялдама » мен « Галстук сатушы қыз » әңгісінен бозбала мен бойжеткеннің екі түрлі өмір жолы арнасына түсіп кетсе де, сырттай ғашық болып, жауапсыз қалған тылсым сезімі мен махаббаты туралы оқып білуге болады.
Әбіш Кекілбаев халқымыздың қилы тағдырын, дүниетанымын, ұлттық психологиясын, салт-дәстүрін шынайы суреттеген. Әбіштің шығарма жазудағы сөз орамдары мен сөйлемдерінің бір-бірімен байланысы өзгелерден ерекше және тілге ауыр болғанымен, түсініп оқыған оқырманға нақты түсінік, терең мағына, тәлім-тәрбие берері анық. Тәрбие.орг сайтынан Маңғыстаудың заңғар жазушысы-Әбіш Кекілбаев Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ермаканова Гульшат Бисекеновна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. Мектеп-лицей Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar