Мамандығым - мақтанышым

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1994
  • Эссе
  • 02/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18369


Мамандығым - мақтанышым
Адамзаттың гүлзар бағынан Адам Ата мен Хауа Ана жер бетіне ұрпақ жаю үшін жіберілсе керек. Сол заманда бір мамандық болды ма, әлде көп пе, ол жағы белгісіз. Менің білетінім, өзім ес білгелі «мен өскенде ұстаз боламын!» деп өстім, осы мақсатыма жеттім «Мамандығым - мақтанышым» дегенде, менің ойыма ең алдымен осы мамандықты неге, қалай таңдадым? – деген сұрақ келеді. «Арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар», - деп Ғабиден Мұстафин айтпақшы, бала күнімнен ұстаз болуды армандадым. Осы арман жетегімен педагогикалық оқу орнын тәмәмдадым. Бәлкім, бүгінгі келешегі кемел жастар сияқты сол кезде түрлі мамандық болады ма, әлде біз ұстаздықтан өзге мамандықты «кәсіп емес» деп санадық па, кім білсін? Бұл менің мамандық таңдаудан қателестім-ау деген өкінішім емес, жасампаз да жайраң өмірдің яғни ХХІ ғасыр ұрпағының бүгінгі мүмкіншілігі зор деген сенім мен сүйінішім.
Менің пікірімше, жақсы маман болу үшін:
Өмір – теңіз,
Онда жұзем демеңіз,
Ізгілікпен жасалмаса кемеңіз, - деп шығыстың жарық жұлдызы, ақын Рудаки жырлағандай ізгілік кемесіне мінген, мейірімнің туын көтерген жан болу керек.
Ағылшын тілі пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі де, артықшылығы да бар. Ерекшелігі сол – ғылымның қай саласымен де байланыстыра аласың. Өз еліңнің салт-дәстүрін үйрене отырып, өзге елдін де салт-дәстүрінен де хабардар боласың.
Қазіргі заман талабына сай ғылым мен техниканың тілі - ағылшын тілі.
Бүгінгі балғын – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Ендеше, сол азаматты заманға сай үш тілді жетік меңгерген, білімді тұлға етіп тәрбилеу кезек күттірмейтін мәселе. Бала – бір үйдің бақыты, мемлекеттің байлығы. Сол байлықты бағалай білу – біздің міндетіміз. «Жеті жұрттың тілін біл», - деп, данышпан халқымыз айтқандай тіл ел мен елді татуластырып, жансызға жан бітіріп, сезімсізді сезімтал етеді. Біз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері тілді ұрпақ санасына жеткізе білуіміз керек.
Менің ұстаздық ұстанымым – әр шаңырақтың үміті болып отырған алдымдағы әр шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ұлттық ұғымды ұялата отырып өзге елмен терезесі тең, жан-жақты шәкірттің жан шырағын жаға білу. Ұстаздарға қойылатын талап басқа ешбір мамандыққа қойылмайды. Себебі, ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсер ететін ол – ұстаз. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық – менің жүрек қалауым.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген. Ендеше, мұғалімнің басты міндеті – оқушы бойында отаншылдық сезімін ояту болып табылады. Өйткені, біздің елімізге болашақта адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза, елжанды азамат керек.
Самалы бол Отанның салқындаған,
Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.
Семсері бол Отанның қынабында,
Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған – деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі заман тәрбиешісі – заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны.
Иә, жүрек түкпірінен лықсып шыққан осы бір мамандық туралы ойларымды жазар болсам, әлі де айтарым көп... Бірақ бір ауыз сөзбен түйіндесем;
Адам болу – ұлы арман,
Ұстаз болу – бір арман,
Бұл бір ұлы мамандық,
Шыңға біткен шынардан.
Киргизбаева Гүлшат Олжабайқызы,
«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Нұркент қалашығы
Панфилов ауданы. Тәрбие.орг сайтынан Мамандығым - мақтанышым Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Киргизбаева Гульшат Олжабаевна

Алматы обл. Панфилов ауд. "Пенжім орта мектебі" КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar