Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын мнемотехника арқылы дамыту

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 39
  • Эссе
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23414


Баяндама:
“ Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын мнемотехника арқылы дамыту”

Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет.
Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Оны біз қолданатын кезіміз: Сөздік қорын байыту үшін Әнгіме құруға ұйретуге Көркем әдебиетті мазмұндаудаЖұмбақ жасыру және шешудеӨлең жаттауда Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:
Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Мнемоника (гр. mnematik - есте сақтау өнері) - табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.
Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы,садаққа —соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табыладыМнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегенімліз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.
Мектепке дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.
Әсіресе 6-7 жастағы балалардың тілдің дамуында ерекше маңызы бар. Балаларда танымдық белсенділік арттылады.
Баланың тілін дамыту үшін 6-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, aлогоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс ай тылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы.
Ересек топтан бастап балаларда қоршаған әлем туралы түсініктер бар болғанда, таңбалы рәміздерді құрастыруға өздеріне жасауға болады. Бала өзі таңба жасайды, одан кейін мұғалім сәйкес келетін рәмізді таңдап алады.
Заттардың белгілері мен күйін (көңілді, ызалы, аянышты, т.б), іс - әрекетті білдіретін таңбалы рәміздерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен ойнау және эмоциялы-ымдық деңгейде әрекетті көрсету қажет.
Әңгіме, өлең, логоритмикалық жаттаулар жаттағанда әрбір дыбысталатын сөзді алмастыруға болады.
Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ ( мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн.
Өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттауда ондағы бірнеше рет қайталанып келетін сөз тіркестерін сөздерді рәміздермен алмастырудың қажеті жоқ.Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар 5-7 сөйлем құрастыру қажет.
Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді.
Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді.
Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.
Алгоритмикалық жаттығулар танымдық процестердің, есте сақтау, зейін, қозғалыс дағдылардың, дыбыстардың айтылуының, сөйлеу функционалды жүйесінің және барлық сөйлеу құрамының дамуына бағытталған. Ұсынған жаттығулар сипаттау сызбалар арқылы жатталады, содан кейін мұғаліммен бірге айтылады және әр түрлі қимылмен көрсетіледі. Логоритмикалық жаттығуларды орындағанда,балалар мұғаліммен бірге ортада тұрған жөн, сонда балаларға мұғалімді көруге, қозғалуға және сөйлеу материалын орындауға мүмкіндік бар.
Алгоритмикалық жаттығуларды өткізуде балалар спецификалық дыбыстардың дұрыс айтуын жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды, сонымен қатар ымның, қозғалыстың дағдылары, жалпы және ұсақ моториканың нақтылығы мен үйлестіруі дамиды.

Қосымша:

Тақпақтар

“Сырганақ”
Біз тебеміз сырғанақ,
Таудан төмен сырғанап.
Бір шанада екеуміз,
Құламайды екенбіз.
Ақ шанамыз зырлайды,
Ақ қар оны шыңдайды.





1








“Көктем”
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.











Ормандағы шырша тойы әңгімесі

Руслан жақында алтыға толды. Ол ата-анасы, әжесімен бірге тұратын. Олардың кішірек ағаш үйі орманның шетінде орналасқан.
Жаңа жыл да жақындап қалды. Осы кезде Русланның үйіне қаладан қысқы демалысқа ағасы Тимур келді.
- Орманға барып, шыршаны безендірсек жақсы болар еді, - деді Тимур. - Әсем шыршаны ормандағы аңдар және құстар да көреді ғой!
- Біздің Тимур әрқашан бір нәрсені ойластырып жүреді! - деді әкесі. - Бірақ ормандағы аңдарға, құстарға шырша ойыншықтары керек емес. Оларға тамақ болса, дұрыс болар еді.
- Иә, дұрыс айтасыз! - деп Руслан мен Тимур қуанып қалды.
- Қараңдаршы, үйден алыс емес кішкентай шырша түр, соны безендірейік, - деді анасы.
Келесі күні балалар нан бөлкесін тілімдеп кесіп, жіпке іліп қойды.
- Ал қояндар үшін шыршаның төменгі жағына сәбіз бен орам жапырақ орналастырайық, - деді әкесі.
Дайын болған кезде барлығы кішкентай әдемі шыршаға келді. Шыршаның қарын сілкіп, әкелген заттарын іле бастады. Шыршаның ең жоғарғы жағына Руслан әкесінің иығына отырып, нанды ілді. Сөйтіп, шыршаны безендіріп, олар үйге көңілді оралды.
Келесі күні таңертең балалар тез киініп, терезеге жүгіріп келіп, сыртқа қарады.
Шыршада әдемі құстар іліп қойған нанды, кепкен жидектерді шоқып жеп отыр.
- Бұл қандай құс? - деп сұрады Руслан.
- Білмеймін, - деді Тимур.
Осы кезде бөлмеге әкесі кіріп келді.
- Әке, қараңызшы, шыршадағы қандай құстар? - деді Рус¬лан.
- Кеудесі қызыл құс - бұл ар суықторғайлар, - деді әкесі. Бір кезде шыршаға шымшық ұшып келді. Ол да бір тілім нанды жей бастады.
Кешке барлығы Жаңа жылды қарсы алды. Астан кейін анасы терезеге жақындап, балаларын шақырды:
- Тезірек, тезірек келіңдер, қараңдар!
Далада айлы түн еді. Қар жылтырап жатыр. Шырша жанында ұзын құлақты аңдар жүгіріп жүр. Бір кезде бір қоян артқы аяғымен отыра қалды.
- Қараңдар, қоян сәбіз жеп отыр! - деп таңғалды Руслан.
- Міне, енді тіпті жақсы болды, - деді Тимур. - Бөрі біздің тамаша шыршамызға келіп, қуанып жатыр. Тамаша!
Г. Скребицкий, В. Чаплина

“Ормандағы шырша”











“Қасқыр,түлкі және әтеш” ертегісі

?


?





“Тапқыр қоян” ертегісі
Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып: — Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.
Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:
— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.
— Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып. Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:
— Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады. Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады. Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:
— Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.

? Тәрбие.орг сайтынан Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын мнемотехника арқылы дамыту Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Даукей Гулбарша

Павлодар облысы Павлодар қаласы № 16 балабақшаның тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar