Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мен - қазіргі заман педагогімін
  • 24.04.2016
  • 1163 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18812

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Сарысай негізгі мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аймағамбетова Кәмшат Әбдірқызы

Мeн – қазіргі заман педагогімін
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол
жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»
Конфуций

Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның- қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси – әлеуметтік қарым- қатынас дамыған сайын бүкіл дүниежүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде.
Өз білімін үнемі жетілдірмеген ұстаз- қоғам көшінен қалып қоятыны сөзсіз, сондықтан үнемі алдына жаңа мақсат- міндеттер қойып, жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа аранаға бұрып, өмір талабы мен оқушы талғамына, сұранысына бейімдеп отыру жаңашыл ұстаздың міндеті. Иә, бүгінгі күн мұғалімінің көп ізденіп, тынымсыз ееңбектенуін, сабақ берудің амал- тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі үнемі жаңартуды талап етуде.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.
Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі – білім беру саласы. Қай кезде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер елеіміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде.
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа жақын, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық-адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар, шығармашылықпен еңбек ете алатын маман блуға тиіс. Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технологияны пайдаланады. Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстанымдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзінде сол қасиеттер үлгісі жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сонда ғана өмір талабынан артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз шәкірттердің сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленбек. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра білетін кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалім, озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік меңгерген, өз пәнін өмірмен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата-анадан кейінгі жауапты адам- мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды дайындау ұстазға байланысты. Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.
Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі. Ұлағатты шырайы, адам жанының адал бағбаны болған жөн. Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса, өз ісін жан-тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ. Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік-білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – ұстаздар қауымына ортақ іс.
Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу - мұғалім еншісінде. Тәрбие.орг сайтынан Мен - қазіргі заман педагогімін Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аймағамбетова Кәмшат Әбдірқызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Сарысай негізгі мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Эссе
Көрсетілім: 1163 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar