Мен қазіргі заман педагогімін

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 155
  • Эссе
  • 21/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23354


Мен қазіргі заман педагогімін
эссе
Жангирова Нургуль Болатовна
жоғарғы санатты тарих пәні мұғалімі
«Ғасырлар мақсаты- саяси -экономикалық
және рухани дағдарыстарды
жеңіп шыға алатын, ізгіленген,
ХХІ ғасырды құрушы, іскер,
өмірге икемделген, жан-жақты
жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру»

Н.Ә.Назарбаев
Ұстаз жолы кім көрінген келетін жол емес. Ұстаз сөзінде ұлылық бар, мәртебе бар, адалдық бар. Дана Абай айтқандай, ұстаздыққа ақылмен танып, жүрекпен таңдап, қайратын жұмсап келу керек. Ұстаздық жолдың ұрлығын танығанда ғана, жауапкершілігін сезінгенде ғана ол мәртебелі болмақ.
Мен мұғаліммін. Ұстаздық атты ұлы жолға кездейсоқ келгем жоқ. Анам қыз баланың мұғалім мамандығын таңдағанын қалайтын. Бұл туралы бізбен жиі пікірлесетін. Сондықтан болар мұғалімдікті жасымнан қаладым. Мен анамның арманына адал болдым, өзімнің де. Әпкем де тарих пәнінің мұғалімі еді, өмірден ерте кетті. Тарихшы болатын. Мен де тарих мамандығын таңдап, оқуға түстім. Себебі әпкем ұстаздық жолдағы менің темірқазығым іспетті жол көрсетушім еді. Ол маған тарих пәнінің маңызы мен мәртебесін ұстаздық жолға деген адалдығы арқылы түсіндіріп кеткен. Мұғалім болғаныма бір сәтте өкінген емеспін...
Оқушылармен біте қайнасып, тарих тереңіне бойлап келе жатқаныма он үш жылдай болды.Оқушымен бірге балаша қуанған сәттерім менің ең бақытты сәттерімдей көрінеді. «Әттеген -ай» деген тұстарымның болғанын да жасырмаймын. Ия, адам қателікпен түзеліп, қателікпен өседі емес пе?
Абай атамыз «Өзіңе күнде есеп бер» деген еді. Мен де күнде «Бүгін оқушыларыма не бердім?», «Ертеңгі сабағымда не жаңалық қосамын?» деп өз-өзіме есеп беремін.
Біз мектепте оқып жүрген кезде ғаламтор, ұялы телефон болған жоқ. Назарымыз сабақта, барарымыз кітапхана болатын. Мұғалімдердің «бәсекелестері» жоқ еді. Ал қазіргі мұғалім оқушыны еріксіз елітіп отырған ғаламтор мен телефонның алдына түсуі керек. Білім саласына неге өзгерістер керек екені осыдан –ақ түсінікті сияқты.
Мен қазіргі білім саласындағы жаңаша өзгерістертуралы жиі ойлаймын. ХХ ғасыр- ғылым мен техниканың ғасыры. Ақпараттық технология қарыштап дамып жатыр. Яғни, бізге «заманауи» мұғалім болу керек. Сол жолда мен өзіме жоспар құрып, жаңашылдыққа ұмтылып, мақсатты түрде алға жылжып келемін.
Мен 2014 жылы Ақтау қаласын, ІІІ деңгей бойынша біліктілік курсын аяқтадым. Сындарлы оқу технологиясы арқылы сабақты ұйымдастырудың формаларын үйрендім. Үйренгенімді оқушылардың қажетіне жаратып, сапалы білім беруге тырысып келемін. Оқушыларыма ертеңгі сабақтың бағалау парақшаларын дайындау, оларды жалықтырмай басқа әдіс-тәсіл іздестіру, видеоматериалдарды іріктеу менің күнделікті әдетіме айналған. Менің ойымша, мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүру керек.
Менің ең басты мақсатым – оқушыға білімнің , сол сабақтың қажеттілігін түсіндіру. Себебі кез келген дүние қажет болғанда ғана сенімді, маңызды. Оқушының сабақты оқымауының себебі – оның қажеттілігін түсінбеу деп ойлаймын. Мен өз сбақтарымда теориялық білім берумен ғана шектелмей, оқушы бойында еңбек ете білу дағдысын қалыптастыруға, креативті ойлауын, сыни тұрғыда баға беруінжетілдіруге тырысамын.
Ия, мұғалімдер арасында, жалпы қоғамда, біз таңдаған жаңа форматтағы сабақтар туралықайшылықтыпікірлер көп. Ол заңды да шығар. Біреулер мұны «шетелдің тозығы» десе, бірі «бұлоқушылардышулатыпжібереді» деп ойлайды. Шәкәрім атамыз айтқандай, «өнерлі елдерден өнеге алмақ керек». Озық әдісті әрбір мұғалім өзі оқытатын сыныптың ерекшелігін ескеріп, деңгейі мен қажеттілігіне сай қолданса қиындықтарды еңсере алар еді. Әр мұғалім сындарлы оқыту технологиясын өз тәжірибесінде ыждахаттылықпен қолданса, сабақ сәтті, сапалы болары даусыз.
Мен осы бағытта жұмыс жасап келемін. Қиындығым да бар, жеңістерім де жоқ емес. Оқушыларым облыстық сайыстарды еңсеріп, Республикалық сайыстан да жүлдемен оралды. Болашақта оқушыларымның әр адамға сүйіспеншілікпен қарайтын, әр көрген дүниесін ой елегінен өткізіп, тағылым алатын, өтірікке жаны қас, іс-әрекетімен жақындарына қамқор бола алатыназаматтарды көруді армандаймын.
«Үлкен адам болу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен ғаламда,»- деп Мұхтар Шаханов жырлағандай, әр мұғалім өз шәкіртінен үміт күтеді. Мен де оқушыларымның қандай маман болса да арманы мен ісіне адал болуды үйреткім келеді.
Қай заман болса мұғалімнің мақсаты-шәкірт жүрегінен орын алу, оны өмірге дайындау. Сабақты инновациялық, ақпараттық технологиялар арқылы өткізіп, өзімде барды шәкіртіме үйретуді, оларды өмірге, ғылымға бейімдеуді өзімнің қасиетті борышым және міндетім деп білемін. Сөзіммен де, ісіммен де үлгі болу керектігімді жақсы түсінемін. Тәрбие.орг сайтынан Мен қазіргі заман педагогімін Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жангирова Нургуль Болатовна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы "Құрық орта мектеп - гимназия" тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar