Мен –қазіргі заманның педагогімін

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 686
  • Эссе
  • 08/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22766


Мен –қазіргі заманның педагогімін
Қазіргі заманда оқу- тәрбие ісін жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Ұстаз –жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелейтін оқытушы. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек.Менің өмірдегі ұстанымым-өз қалауыммен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Ұстаз болу жай ғана мамандық емес, ол-адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың жаршысы болуы керек. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» ,-деп бекер айтылмаса керек. Бала ұстазына қарап үлгі –өнеге, тәлім-тәрбие алары сөзсіз. Мен 2009 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ –ды бітіріп , өз ұстаздарымызға еліктеп ұстаз мамандығын таңдап , осы еңбек жолын бастағаныма біраз жыл уақыт өтті. Осы жылдар ішінде қаншама жетістіктерге жеттім. Оның бәрі талмай ізденіс пен еңбектің арқасында екеніне көзім әбден жетті. «Қырық жыл мұғалім болсаң да 45 минуттық сабаққа дайындалу керек» деп ұлы ағартушымыз Ы.Алтынсарин айтқандай, үнемі ізденістің арқасында қазіргі заман талабына сай жан-жақты, қалыптасқан педагог болып өз білімімді үнемі жетілдіріп келемін. Еліміз егемендігін алып, еңсесін тік көтеріп іргесі биік елдер қатарына қосылып келеді. Заман талабына сай мұғалім де жан-жақты қаруланыуы тиіс. Балаға дайын жаттанды білімді берудің орнына тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өтуі үшін әрбір мұғалімнің көп ізденуі шарт. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасының жоғарлауын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі, сондықтан да баланы түрлі әдіс –тәсілдер арқылы өздігінен ойланып, өзі ізденетін алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп тәрбиелеу керек. Қазіргі заманда мұғалімге не керек барлық жағдай жасалған. Әр сабағымды түрлендіріп өту арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасының артуына ықпал жасап келемін . Электрондық оқулықтар, интернет, компьютерлер мектеп ішінен табылары анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет¬іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұс¬тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Осы міндеттерге сүйене отырып мен де Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан өтіп, сабақ барысында жаңа технология әдістерін тиімді пайдаланудамын. Әр сабағымды түрлендіріп , сабаққа нақты мақсат пен мақсатқа жетелейтін тапсырмаларды жоспарлап алу –менің басты мақсатым. Соның ішінде Бенджамин Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірибем көрсетуде: білу – түсіну – қолдану – талдау – жинақтау - бағалау секілді тәжірибелерді мен кеңінен қолданамын. «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «ойлау туралы ойлану» арқылы әрбір оқу пәнін меңгертуде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды және оқушы өзінің айналасын танып біледі, сыни көзқарасын дамытады. Пәннің негізін меңгертуде пән мұғалімдері күтілетін нәтижеге жұмыс жасайды. Сол себепті сабақта оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады. Сапалы білім негізі – жан - жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді.
Қорытындылай келе, басты мақсатым - білім беру жүйесіндегі өзгерістерден шет қалмай, үнемі жаңадан жаңаны шығаратын , шығармашыл педагог қатарынан көрініп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру жолында еңбек ету. Сонда ғана қазіргі заманға сай педагог қатарынан көрінерім сөзсіз деп ойлаймын. Тәрбие.орг сайтынан Мен –қазіргі заманның педагогімін Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Макпал Бурабаева

Пікірлер: 0

avatar