Мен өмірді қалаймын

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 265
  • Эссе
  • 19/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23185


ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА

Мен өмірді қалаймын!

«Есірткі де, арақ, шылым - бәрі де, бар ғаламды тоздыратын дүние»,- деп ақпарат құралдарында насихатталып жатыр. Сөйте тұра ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда. Күйбең тіршілікті, отбасын, тіпті, өзін ұмытып ит ішпейтін сары суға беріліп жүрген, алдында не күтіп тұрғанын білмейтін жандар ХХІ ғасырдың дерті болып тұрған есірткіге салынып жатыр. Бұл мәселенің соңы не болмақ? Тұманда адасқан жан секілді бұл қараңғылықта қалған жандар өмірді қаламайды ма? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? Бұл сауалдар, әрине, адам жанын, қоғамды мазалайды.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын»,-деген Абай айтқан асыл сөз қазіргі заманның бет-бейнесін толық ашады. Болып жатқан оқиғалар - адам өміріндегі дағдарыс. Осыны ата-ана, қоғам, халық түсінсе екен. Ата-ана балаға жақсы тәрбие беріп қадағаласа, надан, нашақор жастар қазір болар ма еді? Қоғам жастарды шектетпей, жақын тартса, өмірдің қаншалықты қызық екендігін көрсетіп, жұмылған жұдырықтай бір-біріне арқа сүйесе, есірткіге уақыт та таппас еді ғой. Әр адам болып жатқан оқиғалардан сабақ алса екен...
Мектеп өмірінде біз және мектеп ұстаздары нашақорлыққа байланысты түрлі іс-шаралар өткізіп, «Біз есірткісіз болашақты таңдаймыз!» атты фотожарнамаға қатысып, «Берік отбасы есірткіден алыс» тақырыбында мақалалар және эсселер жазып, барынша өз үлесімізді қосып жатырмыз. Кішкене нәрсе болса да оттың ұщқынындай осынау жұмыстарымыз өз қатарластарымызды жат әрекеттен аулақтатса екен деймін.
Қорыта келгенде, жас ұрпақ, болашаққа ұмтылайық, өмір үшін күресе білейік, өмірді өкінбей өткізу өз қолымызда! Кез келген қиыншылықтың артында жақсылық бар. Жеңілмейтін жау, шешілмейтін дау жоқ. Мен өмірді қалаймын және басқаларды өмірді сүйе білуге шақырамын.

Рахымбекова Жансәуле
№99 орта мектептің
11-сынып оқушысы Тәрбие.орг сайтынан Мен өмірді қалаймын Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахымбекова Жансауле

99 орта мектебі 11 сынып оқушысы

Пікірлер: 0

avatar