Мен ұстазбын!

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 480
  • Эссе
  • 09/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20893


«Мен – ұстазбын!»
(Эссе)
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы .
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы.
(Ғафу Қайырбеков)
Мен, ІІ санатты химия және биология пәнінің мұғалімі Тамбаева Камшат Казыбаевна, 10 жыл уақыт бойы ұстаздық өызмет атқарып келемін. Бүгінгі таңда қазіргі заман талабына сай ұстаздардығ бірімін. 10 жыл көлемінде Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде жұмыс жасадым. Осы колледж қабырғасынан ұстаздық мамандық атаулының төресі екендігіне көзім жетті.Олай дейтін себебім ұстаз басқа мамандықтармен салыстырғанда (техник,дәрігер,инженер т.б) ерекше білімділікті, шеберлікті, балаға деген мейрілімділікті қажет етеді.Ұстаз тек ғана білім беріп қоймайды, ол баланың жан дүниесін түсініп оған дұрыс бағыт бағдар беруші. Әрине қстаз болу үшін маған педагогикалық жоғарғы оқу орнын үздік дипломмен бітіргенім аздық етті. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың.
Елбасы Н.Ә Назарбаев айтқандай бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол « өмір бойы білім алу». Егемен еліміздің көшін бастаған кемеңгер президентімізбен толық келісемін. Мұғалім білімді, шығармашылығы мол болса,сол мектептің оқушылары заманына сай білімді болады. Ұстаз сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысушылық қасиетімен, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Осыдан 5-6жыл бұрынғы дәстүрлі білім беру мүлдем басқа болды деп ойлаймын. мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отырады. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушының жауаптарын қайталап және мадақтап ажырататын кластағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. Ал қазіргі кезде білім берудегі ұстаным мүлдем өзгерді.
Қазіргі кезде білімге, шы¬ғармашылыққа, еңбек¬сүйгіш¬тікке баули отырып, оқыту үрдісінде жаңа тех¬но¬ло¬гияларды қолдану арқылы оқушылардың оқуға ынтасы мен пінге қызығушылықтары артты.Оқушылардың белсенділігі артты. Оқушы өздігінен жауапкершілікпен жұмыс істеуді үйренді. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнады. Бұл өзгеріс мұғалімнің оқу, тәрбие жұмыстарында жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды, шеберлікпен пайдаланып, өзін-өзі жетілдіріп отыруына байланысты деп ойлаймын.
Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртің қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын. Жаңа мектептің ұстазы ретінде балаларға тек жаңалық енгізіп қана қоймай, сонымен қатар уақыт пен ұрпақ арасында байланыс орнатамын деп сенемін.
Ел болашағы жақсы болсын десе, «ұстаздың жағдайын жаса» - демекші өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын заманауи ұстазадар ешқашанда білімнің туын төмен түсірмеуі тиіс.
Ендеше, мен де әрдайым оқушыларыммен бірге болып, оларды тек қана алға жетелеуді мақсат етіп қоюдамын. Тәрбие.орг сайтынан Мен ұстазбын! Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тамбаева Камшат Казыбаевна

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 60 жалпы білім беретін орта мектеп Химия және биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar