Менің анам туралы мақала

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 701
  • Эссе
  • 19/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22962


№ 27 Өмірзақ орта мектебі.
Математика пәні мұғалімі Битан Индира Айтжанқызы.

«.... Дүниеде не жақсылық болса , соның бәрі ананың ақ сүтімен күннің нұрынан жаралған» М. Горкий

Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенмен жарық жалғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық,осы сөзден ыстық сөз шығар.Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горкийдің «.... Дүниеде не жақсылық болса , соның бәрі ананың ақ сүтімен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Сол секілді меніңде балапан жүрегім қолыма қауырсын қалам алып , ана жайлы тебіренгім келеді. Менің анам Тілеп Ұлболсын – ол ұстаз.
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.
"Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болды Асқар таудай әкесі мұғалім болған,сондықтан да болар өз бауыр еті балаларының тиісті білім алып, үлкен азамат болуын армандады. Сол үшін де барлығын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай мәпелеп тәрбиеледі. Әсіресе, қыр гүліндей құлпырған қызғалдақтарының ішінен ең үлкені менің анам- Ұлболсынды болашағына ерекше үлкен үмітпен қарады. Жастайынан білімге құштар менің анам Ұлболсын ата-анасының сеніміне еш шүбә келтірген емес. Мұғалім болу арманы, тұлымы желкілдеген жас қызды мектеп бітірісімен В.И Ленин атындағы түрікмен мемлекеттік педагогикалық институтына әкеледі. 1984 жылы институттың бастауыш білім берудің педагогикасымен әдісі факультетін бітіріп, жоғары білімді жас маман ұстаздық еңбек жолын бастайды. Содан бері біраз уақыт өтті. Жүйткіген уақыт ешкімге жеткізер емес…
Қазіргі кезде анам зейнеткерлік демалысқа шықса да, бойынан сол бір жастық жігердің ұшқыны жылдар өтсе де әлі де сөнбегенін сөзбен емес, нақты істер арқылы көрсетуде. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық жетістіктеріде баршылық.
Міне бүгінде ана жолын қуып,менде мұғалім мамандығын тандадым. Тәрбие.орг сайтынан Менің анам туралы мақала Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Битан Индира Айтжанқызы

№ 27 Өмірзақ орта мектебі. Математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar