Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ
  • 25.03.2016
  • 12173 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18128

Менің болашақ мамандығым ...
"Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал" - дегендей, шынында бұл әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт деп есептеймін. Менің таңдаған мамандығым халқыма, адамзатқа көмегімді тигізсем екен деп армандайтынмын. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді екен. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
"Сен де бір дүниеге
Кетігін тапта бар,қалан!" -деп Абай атамыз айтқандай әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандық иесі болу керек. Олай болса, мамандық таңдау - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз емес пе?!
Міне, менде бұл өмірімдегі бір кірпішімді қалай қалаймын? Болашақты кім боламын деген ойлар сансыз мазалады. Бастауыш сыныпта жүрген кезімізде алғашқы мұғалімізге еліктеп, мұғалім болғым келетін. Өсе келе бұл мамандықтың жүгі ауыр екенін сездім. Әр үйдің еркесімен жұмыс жасау, оларға алғашқы қаламды ұстатып, әріп таныту ол оңай нәрсе емес екенін түсіндім. Ондай аса жауапты мамандықты алып жүруге қорықтым ба, әйтеуір ол ойымнан айнып қалдым.
Орта буынға келген кезде дәрігер болсам ба деген арманның жетегінде жүрдім. Дәрігерлердің мамандықтарымен таныстым. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері және өз қиыншылықтары бар екен. Өліктерменде жұмыс жасауға тура келеді екен. Ойлана келе бұл мамандықтанда бас тартуыма тура келді. Неге десеңіз, өз басым өлі адам денесін көру мен үшін қатты қорқынышты болды. Талып қалай түгілі өзімнің жүрегім тоқтап қалардай болды.
Орта буынды бітіруімеде аз қалған кез еді. Енді менің жолымда мамандық таңдау жолы тұрған болатын. Халық айтады ғой: "бұл өмірде мамандық таңдаумен, жар таңдаудан қателеспе" - деп. Сол айтқандай менің таңдаған мамандығым арқылы жоғарыда айтып өткендей халқыма көмегімді тигізсем екен деп армандайтын едім.
Бүгінде міне, мен сол арманыма жеттім. Менде осы өмірдегі бір кірпішімді қалап жатырмын. Мен болашақ – әлеумет қызметкермін. Шындығын айтқанда бұл мамандық жайлы осы уақытқа дейін естіп көрмеппін. Бұл мамандықты маған ата-анам ұсынған болатынмын. Бұл мамандықты әлі таңдамай тұрып, толығырақ аққпарат жинап білейін деп инетернеттен қараған болатынмын. Орал қаласының тұрғыны Тоқтар Кенжеғалиевтің «Әлеуметтік қызметкердің бір күні» атты мақаласында қорытынды мынадай ойы: "Байқағаным, әлеуметтік қызметкер болу үшін темірдей төзім, салқын сабыр керек. Олардың сұраққа жауап бергенін, тапсырманы орындағанын күту, қиналып жүрсе мұңын тыңдап, жұбату үшін де біраз күш жұмсауға тура келеді. Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеу, қысқасы, көпшілік ойлағандай оңай шаруа емес. Бұған үлкен жүрек иесі ғана бара алады дер едім" – деген ойы мені бұл мамандыққа жақындыра түсті. Бір жағынан мәссаған бұл маған таптырмайтын мамандық қой деп білсем, бір жағынан шыныменде мен бұндай жауапкершілігі мол жұмысты атқара аламын ба деген сансыз ойлар мазалаған еді.
Таптырмайтын мамандық деген себебі, адамға көмектесу, қиналғанда қол ұшын беру ол өте сауапты іс. Ислам адам өлгеннен кейінде ізінен үзілмей барып тұратын нәрсе ол сауапты істері дейді. Ең қарапайым сауапты іс немесе садақа ол адамға күлу және де жылы сөз айтып, оған қол ұшын беріп көмектесу екен. Ал, мен бала күнімнен сауапты істі істегенді ұнатушы едім. Менің ойымша адамға көмектесе білген адамның жүрегі мейірімділікке тұнып тұрса, мейірімі жоқ адамның әрине жүрегі жауыздыққа толып тұрады деп ойлайтынмын.
Сонымен мен осы мамандықты таңдаймын деп нық сенімде болдым. Жасыратыны жоқ оқу барысында, яғни 1-курс кезімде түсініспеушілік, қиыншылықтар болды. Жоғары курстарды оқи бастағанда мен көп нәрсе түсіне бастадым және де әр күнді жаңа білім алуға ұмтылдым. Мен білмейтін мамандық болғандықтан ба білмедім әйтеуір маған әр семестрде оқытылатын сабақтар қызықты болды, білген сайын білгім келе берді. Мүмкін бұл эссені оқып отырған адамдарғада "Әлеумет қызметкер" деген қандай мамандық деп түсінбей отырған болар. Сондықтан өз мамандығым бойынша қысқаша тоқталсам деп едім.
Әлеуметтік қызметкер, ол ізгілікті істің иесі. Еуропа елдерімен салыстырып айтар болсақ, еліміздің әлеуметтік қызметінің тәжірибесі әлі де өз деңгейінде дамымай отыр. Бізде кәсіби дайындық та, оқулық та жоқ, бұған қоса, адамдардың өздері де бұл мамандыққа шындап көңіл қоймайды. Анықтама бойынша, әлеуметтік қызметкер - жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман. Біздің елде мұндай мамандарға сұраныс бар. Еліміздегі жоғары оқу орындары жастарды осы мамандыққа оқытуға дайын болса да, бұл мамандық бойынша оқуға ниет білдіруші талапкерлер саусақпен санарлық екен.
Әлеуметтік қызметкердің негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Ол – әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.
Қорытындылай келе, мен бұл эссені жаза отырып, Қазақстан Республикасының жастарын және де Маңғыстау облысының жастарын «Әлеуметтік қызметкер» мамандығын таңдауға және де осы оқуға түсуге шақырамын. Қазіргі таңда бұл мамандыққа бюджеттен ақша бөлініп, тегін оқу және шәкірт ақы ұсынылады. Біле білсеңіз, адамға көмектесіп, қиналған адамның жүзінен күлкі көру ең керемет сезім.
Мен болашақ мамандығымды мақтан етемін! Әлеуметтік жұмыс – ол қайырымдылық іс. Сондықтан да әлеуметтік қызметтің әр күні ерлікпен тең! Себебі, ол қараңғы жерден жарық таба білетін адам! Тәрбие.орг сайтынан МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каниева Жанырыс

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен политехникалық колледжі "Әлеуметтік жұмыс" мамандығының студентті

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Эссе
Көрсетілім: 12173 | Жүктеулер: 67
Барлық пікірлер: 0
avatar