Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Менің мамандығым
  • 18.09.2016
  • 271 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19494

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (35.5Kb)

Менің мамандығым

Шындығына келетін болсақ,мамандық таңдау оңай емес. Ол қиынның қиыны. Десек те, мамандық таңдауда адам қателеспеуі шарт. Өйткені, ол мамандық бойынша өмірдің не қилы қиын кезеңдерінен өтіп, жүрекке қуаныш әкелетін құдіретті сыйдың иесі болмақ.Мамандықтардың ішіндегі ең жауапты, өмірде маңызды рөл орындайтын, адамның өмірге деген құштарлығын арттыратын, өз ортасынан ерекше көзге түсетін, сабырлы, тәрбиелі, иман жүзді ететін, білмегендерге үйретуге әзір тұратын, білген үстінебіле берсем, үйрене берсем деген қызығушылық пен мақсат талап ететін зор үміт иесі ол – мұғалім. «Мектеп - білім жүрегі, ұстаз - оның жүрегі» демекші,бүкіл адамзат иесінің көзін ашып, көкірегін оятушы қадірлі тұлға - ұстаз.
Негізінде жасы үлкен, көпті көрген аталарымыз: «Баланың келешекте кім боларын, жасы кішкене кезде байқап, болжауға болады»,- деп айтушы еді. Өйткені бала өмірге келіп, ер жете бастаған кезде іштегі тылсым сырды сыртқа шығара бастайды да, соны көзбен көріп ұғынуға өз тарапынан сезуге түрткі болатын іс- әрекеттер жасай бастайды.
Кезінде, Құнанбай да: «Балаларымның ішіндегі ең ерекше тұлға, ел басқарушы, білімдар, ақылды болатын балам,ол- Абай»,деген екен.
Міне, сол сияқты мені де анам, келешекте мұғалім болатынымды іштей сезген. Өйткені, мен демалыс кездерінде көрші үйдің ұл қыздарын ауламызға жинап алып, шаңқай тал түсте , сұйық жанармай құйып қоятын төрт бұрышты темір бөшкені тақта етіп, мұғалім секілді сабақ өтеді екенмін. Соны анам сырттай бақылап тұрады екен. Ал, мен болсам мұғалім болғаныма мәз болып, жүреді екенмін.
Сонымен, жас баланы мұғалім болуға не итермеледі?Әрине мұғалімдік күш. Себебі, өзімнің анам, әкемнің апасы мен қарындасы,нағашы ағаларым және де он жыл бойы мектепте сабақ берген ұстаздарым деп мақтана айтамын. Олар менің бойымда мұғалім болуға деген қызығушылығымды оятты.
Және де мен шын көңілімнен осы мұғалімдік мамандығын таңдап, арманым орындалып, өз қалаған мамандық иесі болып отырғанымды мақтан ете аламын.
Жалпы, мұгалім болу – өте қиын да, жауапты іс. Өйткені мұғалімдік қасиет кез – келген адамның қолынан келе бермейді.Сол үшін мұғалім ең алдымен өз – өзіне сенімді болуы керек.Себебі, сен елдің , халық баласының тәрбиелі, әдепті, саналы, сауатты болуына жол ашасың. Сені көрген шәкірт, осындай «құрметті , сабырлы,ақылды болсам екен» дейді. Және де саған ұқсауға тырысады. Өйткені,оған, ұстаздың сөйлеген сөзі, берген уәдесі, айтқан ақылы, жақсы қылығын көрген кезде басынан сыйпағаны, бәрі – бәрі үлкен мәртебе сияқты болып көрінеді. Кейбір шәкірт ата – анасына қарағанда ұстазымен жақын сырласып та жүреді. Бұл, шәкірттің мұғалімге деген сенімділігін көрсетеді. Дегенмен, мұғалім де ана немесе шәкірттердің екінші анасы. Тілеуін тілеп, үміт күтетін жанның бірі. Өз білгенін үйретуге тырысады. Еңбегінің жемісінің жанғанын шәкірттерінен көреді.
Осындай ұстаздардан сауатын ашып, мамандық иесі болып, бала тәрбиелеп отырған ана өзінің баласын мектепке білім алу үшін әкеледі. Баласының білімді, елдің алды, мақтанышы болғанын қалайды.
Сол үшін біз осы үмітті ақтауымыз керек. Және де осы үмітті ақтап келеміз деп, сенімді түрде айта аламын. Себебі, біздей ұстаздардан тәрбие, сана, сауаттылық, әдептілікті алған бала, қазір бір мамандықтың иесі, балалардың анасы, сүйген жар, көпті көрген ата мен әже, қоғам қайраткері емес пе? Ұстаз болу қызығы мен қиындығы қатар жүретін жауапты іс. Өзінің қағазбастылығына қарамай, шаруаларын ығыстырып қойып, ата – ана мақсатының жүзеге асуына көмектесіп, ауыр міндетті көтеретін тағы да ұстаз.
Алайда, ұстаз жүрегінде «Бірақ» деген сөз мәңгіге ұялаған. Бұл сөздің ішінде үлкен бір мұң жатыр. Мұғалім жүрегіне ауыр күш түсіретін де осы сөз. Ұстаздарға мін тағып, сын көзбен қарайтын пенделер де аз емес. Бір ұстаздың жіберген қателігіне қарап, бүкіл ұстаздың бетіне күйе жағуға болмайтын сияқты. Өз жүрегін бір сәт ұйып тыңдаған адам, мұғалім жүрегінің түпкі мұңын түсіне алары һақ. Сондықтан ұстаз қауымы туралы жағымсыз пікір айту орынсыз деп ойлаймын. Ғалым да, ақын да, білгір маман иесі де, тіпті басшымыз да осы ұстаздардан сауатын ашып, биік белестерден көрініп, халық ілтипатына бөленіп жүр десем артық айтпаған болар едім. Менің бұл пікірім, көзі ашық жандарға ой салар деген үміттемін. Ұстаздар қауымын ардақтап жүрейік, ағайын!
Бірақ, кейде, «Неге мұғалім болдым екен?» деген күйге де түсіп кететін кезіміз де болады. Оған себеп, кейбір оқушының білімге деген ынтасының жоқтығында. Ата –ана баласының білімсіз болғанын мүғалімнен көреді. Бұл үлкен қателік деп ойлаймын. Мұғалім мектепке кіріп – шығу үшін келмейді ғой, керісінше бар білгенін үйретуге тырысады. Ал, ата – ананың, аты жоқ тынымсыз тіршіліктен баласына қарауға мұршасы келмей жататын кездері де болып жатады. Барлық ата –анаға күйе жағуға болмайды, әйтсе де сондай жандар бар десем де қателеспейтін шығармын.
«Болашақ - жастардың қолында» демекші, баланың жан- жақты болуы екі жаққа да байланысты сияқты. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесе күш салайық, ағайын. Менің бұл пікірім, көзі ашық жандарға ой салар деген үміттемін. Ұстаздар қауымын ардақтап жүрейік, ағайын! Тәрбие.орг сайтынан Менің мамандығым Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ермаканова Гульшат Бисекеновна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. Мектеп-лицей Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Эссе | Логин: Ермаканова_Гульшат
Көрсетілім: 271 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar