Менің шынайы көшбасшым

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 125
  • Эссе
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23242


«Менің шынайы көшбасшым».
Көшбасшы дегенде біздің көз алдымызға ерік-жігері мықты,ойы таза, сауатты , ақылды ірі беделді тұлға елестейді.Көшбасшы басшылық міндет емес,қоғамда,өмірде ізгі жақсы іс қалдырып,үлгі бола білу,адамгершілік қасиеттері қалыптасқан,рухани жан-дүниесі бай, кемелденген адам деп ойлаймын.
Менің шынайы көшбасшым-қазақтың біртуар ақыны,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,бас редактор Қайрат Жұмағалиев.Өзеннің ағысындай,тұлпардың шабысындай, толқынның
жарысындай өткен өмір тарихы кімге болса да үлгі-өнеге деп білемін.Балалық шағы БҚО,Орда ауданының Бесқұда ауылында өтті. Нарын құмында балалық шағы жұпыны үйде анасымен бірге қиыншылықты.жоқшылықтың кермек дәмін көріп өсті.Ауылдан көп адамдар көшті.Өйткені Нарын аймағы полигонды аймақ болып саналды.Кейін ақын анасымен бірге ауылдан көшіп кетеді. Ақынның анасы да өте жақсы адам болған.Ақынның көптеген өлеңдері де ана,табиғат , махаббат тақырыбында өрбиді.Бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз,араб,неміс,қытай,хинди,испан,поляк,болгар тілдерінде жеке өлеңдері аударылған.Ақын өлеңдеріне ән жазылған.Белорусь Республика Құрмет грамотасымен,
Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», « Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының грамоталарымен марапатталған.
Ақын ағамыздың зерделі әңгімесінен, өлеңдерінен адами қасиеттерді үйренесің, өзіңді түзейсің,жақсыға ұмтыласың.Ақын өлеңдерінің біріне мысал келтірсем:
- Ата-анаң тілер:
- Ендігі ғұмыр қуанышпенен озғай ,- деп,
Қызығыңды тек ұзақ көруге жазғай деп
Адал жар тілер:
- Болашаққа бағыттаймыз мәңгі ,- деп
Өмір бақи өзіңмен өмір кешсем , деп
Адал дос тілер:
- Көңілі жаз,мерейі үстем жүрсің ,-деп
Өзіңнен дағы сені ұзақ өмір сүрсін,-деп руханилыққа,адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелейді.
Менің қолыма қалам алып өлең жазуыма ақын ағаның өлеңдері қанат бітірді,рухтандырып шабыттандандырды.Ақын ағама өз өлең жолдарымнан :
Қазақтың бір туар ақын аға,
Халқына қорған адал болған пана
Жақсының өзі өлседе, аты өлмейді,
Ұрпаққа із қалдырды ойлы-сана,
Қара сөзді өлеңмен өрнектеген мәңгі дара,-деп өз эссемді аяқтадым. Тәрбие.орг сайтынан Менің шынайы көшбасшым Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы.

М.Жүнісов атындағы ЖОББМ. Жаңақала ауданы , Жаңақазан ауылы.

Пікірлер: 0

avatar