Өмір бойы оқу қағидасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 565
  • Эссе
  • 14/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21747


ЭССЕ
Өмір бойы оқу қағидасы
Байгабулова Зинагуль Жасынбековна
Жезқазған қаласы №11 жалпы орта мектебі
Менің Қазақстан Республикасының базалық бағдарлама бойынша оқытылған үшінші деңгейлік курсты аяқтағаныма да биылғы оқу жылында үшінші жыл болыпты. Мектебімнен курсты оқуға барғанымда сыныбым
1-сыныпқа енді қабылданған көп нәрсені біле бермейтін бала болатын,қазіргі уақытта олардың әрқайсысы 4- сыныптың сыни ойлай алатын, өз ойын ортаға еркін салатын,достары көп,бір-біріне қамқор әрі жанашыр,қиындық сәттерде бірлесе ортақ шешім қабылдай алатын тұлғалардың бірі. Бұл оқу желісі туралы үнемі интернет көздерінен жаңа ақпарат алып отырамын.Осы оқуға барғаныма өзімді бақытты жанның бірі санаймын. Оқушыны оқуға үйрете отырып,біраз мәселелер туралы өзім де білім алып келемін. Әр өткізген сабағымнан кейінгі өзіндік талдауымның,келесі сабағыма берер пайдасы көп екеніне көзім жетіп келеді.Әсіресе соңғы үлгідегі қысқа мерзім жоспарының үлгісі менің көңілімнен шықты.Онда биылғы оқу жылында енген жаңа мазмұнда білім беру үлгісіне сай жасалған мұғалімге қойылатын сабақ мақсаты және барлық оқушыларға арналған оқу мақсаты,оқушылардың басым көпшілігін арналған оқу мақсаты және кейбір оқушыға арналған сабақ мақсаттары өздігінен сабақтан күтілетін нәтижені көрсетіп тұрады.Сабақ соңындағы құндылықтар,пәнаралық байланыстар және барлық балалардыі білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?-деген бөлімдері жоспарыыңызды айқын құруға,талдауға көмегін тигізеді.Маусым айында бастауыш сынып мұғалімдерін 1-сыныптарды оқытуға әзірленген курсқа және өнер пәні бойынша курсқа қатысып,білімімді одан әрі жетілдірдім. Кейінгі оқудан кейін жүргізген сабақтарым бұрыңғы сабақтармен салыстырғанда мүлдем өзгерді деуіме болады. Биылғы жылғы оқуға дейін оқушыларды дайын үлгідегі топ атаулары бойынша бөліп келсем,қазіргі кезде топтың атауын өздеріне тапқызатын болдым. Қыркүйек айында математика пәнінен жүргізген сабағымда топқа бөлу үшін жемістердің,жануарлардың,баланың, құстар суреттерін алып келдім.Олар осы атаулармен бөлек отыра бастады.Бірақ 3-4 бала орнын таппай қалды. Қай топқа жақынсың?-деген сұрақ қойылды.Олар ешқайсысына жатпайтынын біліп,мұғалім қателесті ме деген пікірге тоқталды.Мен оларға осы жолы суреттердің алғашқы әріптеріне байланысты бөлінуін жоспарлағанымды айтып,одан әрі ойлануын бақыладым. Оқушылар «А,С,Ж,Қ» әріптерінен құралған топты қайта құрады. Соңғы кезде музыкалы сергіту сәттерінің орнына қимылды ойын немесе логикалық тапсырмаларға жол беріп келемін. Оқушыларды екі қатарға тұрғызып,үй тапсырмасын сұрау үшін оларға кімнің есімі дауысты дыбыстан басталады маған қарап бір түзуге орналасады және кімнің есімі дауыссыз дыбыстан басталады олар бұл балаларға қарама-қарсы орналасады дедім. Осы кезде қазақ тілі сабағымен байланыс болды.Әрі әркім өз есімімен жұмыс жасады. Мұндай екі топқа бөлу қажет болып тұрады.Сондықтан мазмұнын өзгертіп тұруға болады.Мысалы мен келесі сабағымда кімнің туған күндері жұп сандар маған қарсы қарап тұрады және кімнің туған күндері тақ саннан басталады олар сіздерге қарсы қарап тұрады дедім де бір-біріне үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қойды,Екінші топ жауап берді. «Геометриялық фигураларды салу» тақырыбы сабағында әр топ оқушыларын жеке-жеке қатарға, бірінің артынан бірін тақтаға қаратып тұрғызып,соңғы балаларға шаршының,үшбұрыштың,дөңгелектің,тік-төртбұрыштың суретін саусағымен арқасына салдыру тапсырмасы берілді. Әрине қатарда тұрған оқушылардың алдына сурет салынып жеткенше мазмұнын өзгертіп алды.Бірақ оқушылар келесі осындай тапсырмаларда өздерінің зерек болуын қадағалауына үлкен сабақ болды.
Оқушылардың тілін дамытуға және өз ойын дәлелмен жеткізуге үлкен үлесін қосып,келе жатқан әдістерімнің бірі «иә» немесе «жоқ» кестесі. Мұнда дұрыс пікірді анықтайды және дұрыс емес пікірдің дұрыс еместігіне көз жеткіздіруге дағдыланды. Қазақ тілі сабағында «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері» тақырыбы сабағында осы тапсырманы алған болатынмын. Қысқа мерзімді сабақ жоспарымда оқушылардың басым көпшілігі сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін ажыратады,олардың бір-бірінен айырмашылығын талдайды-деп алған болатынмын. Оқушылар осы мақсатына сабақ соңында жеткендігі айқын көрінді. Ол сабақтан келді сөйлеміндегі барлық мүшелер дара-иә. Ол сабақтан келе жатыр сөйлеміндегі барлық мүшелер дара-жоқ,себебі келе жатыр екі сөзіде бір сұраққа жауап береді,-деп өз дәлелдерін келтіруге дағдыланған.
Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың түсініп оқуы төмен болғандықтан,өлең түрінде берілген шығармалардың да мазмұнын түрлі әдіспен баяндатуға,рольге бөліп ойнауға ынталандырып келемін.Сыныптағы дарынды оқушыларға келесі сабақ бойынша қажетті тапсырманы ізденуге алдын-ала беріп отырамын.Сыныпта жақын арадағы даму аймағы бойынша оқуды ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Оқушылар білмегендерін жұбымен,топқа,ұжымға айтып,еркін бөлісе алады.Тағы бір айтатын деген ой ол сабақтағы мәтіннің негізгі ойын оқушыларға жеткізу,өмірмен байланыстыратын мәселелерді міндетті түрде әр сабақта қолдану болып табылады. Мен үшін осы тақырыпты қозғау өте қызықты өтетін сәттің бірі.Оқушы бойына осы мысалдар жақсы бір-бірін сыйлау құндылығын,адал болу құндылығын, дұрыс жолға қойылған жолдастық қарым-қатынас құндылықтарының даруына үлкен септігін тигізеді. «Шөже мен Орынбай» айтысы тақырыбында оқушыларға мазмұнын мектепте түсінуге жағдай жасап,бұл халық ауыз әдебиетінің біздің елімізде кең тараған түрі екенін баяндап,қазіргі заманғы қандай айтыс ақындарын білеміз?-деген жабық сұрақ қойдым. Бұл сұраққа оқушылардың кейбірі ғана жауап бере алды.Бұдан қазіргі кезеңде ата-аналардың айтысқа көңіл бөлмейтіні байқалды.Осыдан соң «Ақындар айтысының белгілі тақырыбы болады ма?»-деген ашық сұрақ қойдым. Жауапты толықтыру мақсатында «Ойыңды дәлелдей аласың ба?» деген сұрақ қойылды. Өлең жолдарында кездескен жеңілу де,жеңіске жету де ұят деген мағынада айтылатын жеріне тоқталып, балалар жеңілу неліктен ұят екенін жақсы түсінеміз.Ал «Жеңіске жету неліктен ұят деп айтылған?»-деп сұралған да Шөже үлкен кісі,әрі бір көзі жоқ кем адам сондықтан ол кісіні «Орынбай аяды» -деп жауап берді. Осы айтыста «Кім жеңіске жетті?» деген сауалға «Шөже жеңіске жетті.Себебі ол кісі сен мені шын аясаң бір көзіңді бер деді және Орынбай бұдан әрі айтысты жалғастырмады» -деп В оқушы өз жауабын дәлелдеді. Аоқушы «Өмірде адамды кемсітуге болмайды. Ол адам кем боламын деп ойлаған жоқ.Бұл кездейсоқ болуы да мүмкін, «Айтылған сөз атылған оқ» деп халық айтқандай оны орындау керек немесе орындалмайтын сөзде босқа айтпау керек»-деп қорытындылады. Осы сабақтан кейін оқушылар бір-бірін ойнап болса да мұқатпайтын болды.Құндылыққа баулу деген осы емес пе? «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» тақырыбын түсінуге оқушылардың «аян,тіл қатты, серігі» сөздерінің мағынасын ашумен жетеледім.Осы жыр стандарт бойынша мәнерлеп оқуға берілген. Бірақ мен мазмұнының желісін сабақта топ жұмысы ретінде суретпен бейнелеуге бердім де,үйде мәнерлеп оқуға тапсырдым. Топтар өз жұмыстарын ортаға қорғаған кезде әртүрлі баяндаулар кездесті.Мені бір топтың салған суреттері кезең-кезеңімен көрсетілгенде өзім әрі қуандым,әрі таңғалдым. Басқа топтар суреттері үзіліспен іс-әрекеттері толық баяндалмай қалғандығын көрсетті. Бұл тақырыптың негізгі ойы не? –деген сауалыма «Бөгенбай батыр кішкентай кезінен өз ісіне сақ болған.Бізді осындай батырдан үлгі алуға шақырып отыр» десе, екінші бала «Шаршағанда сергіп алу,бір демалып алу керектігін және қандай жағдай болғанда да сабырлы болуға шақырып отыр» деді. Ертеңіне мәнерлеп оқудың шеберлігін бірінен бірі асырып,оқыды десем болады.
Қазіргі кездегі баланы оқытуда әлі де қиындықтар кездесіп отыр. Оның бірі ата-аналардың өздерінің сауатсыздығы,оқу-ғылымға көңіл бөлмеуі.Балаларының сабағына ат-үсті қарауы әлі де азаймай отыр.Оқушыларға мектепте алған білімін үйде күнделікті өмірде дұрыс қолдануына мүмкіндік жоқтығынан, салт-дәстүрлерді балаларына көрсетпеуінен оқу жалғасын таппай қалып отыр. Жақында қазақ тілі сабағынан «тоқымқағар және ерулік» салт дәстүрі туралы жазып келу тапсырылды. Оқушылар жазып келгендерін түсіндіріп бере алмады,себебі бұл салттар қазір орындалмайды әрі балалар оны көрмейді.
Қазіргі уақытта өзім туралы айтатын болсам, ешкімнен ештеңе күтіп отыруды мүлде ұмыттым десем болады. Тәрбие.орг сайтынан Өмір бойы оқу қағидасы Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байгабулова Зинагуль Жасынбековна

Пікірлер: 0

avatar