Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі.
  • 24.01.2017
  • 205 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21269

Эссе
«Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында».
«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.
Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт. Осы бастауышта мұғалім болып істеп келе жатқаныма 20 жыл. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табады. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Тәрбие.орг сайтынан Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі. Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Досмамбетова Даметкен Темірханқызы

№ 251 М.Әуезов атындағы орта мектеп Шиелі ауданы Қызылорда облысы ағылшын тілі мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Эссе | Логин: Бахар
Көрсетілім: 205 | Жүктеулер: 5
Барлық пікірлер: 0
avatar