Ұстаз болу – жүректің батырлығы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 203
  • Эссе
  • 21/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23357


Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы
Бұл өмірде көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзатқа жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Менің мұғалімдік қызметке келуімнің өзі мамандыққа деген қызығушылығымды туғызып, кәсіби маман болуыма жол ашып, бейімделуіме жетеледі. Бұлай дейтінім, 11 жыл мектеп табалдырығын аттап, ҰБТ тапсырып, мамандық тандау сол кезде маған өте қиынға түсті. Себебі, нағыз тестілеу кезінде ұнайтын мамандықтың бірі аудармашылық бойынша ағылшын пәні болатын, бірақ сол уақытта неге екенін белгісіз география пәні сұрақтарының 90 пайызын біліп отыруыма байланысты пәнімді ауыстырдым. Одан ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, мамандық тандау қиынға түсті. Бірнеше мамандықтарға, соның ішінде мұғалімдік мамандыққа та жоғары оқу орындарына тапсырдым. Алланың бұйырғанымен облыс әкімінің грантына түсіп, оқуды үздік дипломмен аяқтап, осы география пәні мұғалімі атандым. Шыны керек, оқу орнын бітіріп, менен мұғалім шыға ма, мен соған лайықты болам ба деген ой туындады. Неде болса кішкене болса да ынта-жігерімнің арқасында осы қызметке келдім. Алғашқыда экономика пәні мұғалімі болып, кейінірек география пәні бойынша қызмет атқарып келемін. Сабақта оқушыларға бір нәрсе үйретсем екен, біліммен қаруаландырсам деген міндет қойып, ізденіс, тәжірибе алмасу, шыңдау , жаңашылдықтың арқасында біраз жетістікке жетіп келемін. Және де ұжымдас Тулегалиев Амантай Серікқалиевич пен Нұғыманов Мұрат ағайлардың қасында жүріп педагогикалық білімімді шыңдап, шығармашылыққа жол көрсетуі мұғалімдік қызметке тез сіңісуіме ықпал болды.
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек деген халқымыз. Әртүрлі іс-шара, сайыстарға қатысып, білімімді жетілдіру курстарынан өтіп, біраз тәжірибе жинақтаудың арқасында, ұстаздың болудың өзі бір ғанибет екеніне көзім жетті. Біріншіден ынтанын болуы, екіншіден еңбекқорлық, үшіншіден жетістікке жетуге деген ұмтылыс, менің мамандық тандауда қателеспегенімді ұғындырды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы дей келе, әлі де білмегенімді білім, шығар асуларым алда деп есептеймін.

«Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Құрық ауылының № 1 орта мектебі» КММ,
география пәні мұғалімі Чабаева Асем Есетовна Тәрбие.орг сайтынан Ұстаз болу – жүректің батырлығы Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чабаева Асем Есетовна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1орта мектебі география пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar