Ұстаз еңбегі

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 966
  • Эссе
  • 30/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18898


Ұстаз еңбегі
"Ұстаз болу-жүректің батырлығы"
Ұстаз-тәлім мен тәрбие беруші бала көңілді,кең пейілді кемеңгер.Әрбір шәкіртінің "адам" болып қалыптасуына ,қайталанбас тұлға болуына ықпал етуде барын жұмсайды,еңбектенеді.Өзінің де өзгенің баласы үшіін қуанып,қызарады.
Мен ұстаз еңбегін жыл мезгілдерінің табиғаттағы ерекшеліктерімен ұқсатқым келеді.Мұғалім көктемдегі тіршілік секілді шәкіртіне ,жас тал тамырына нәр беріп,қуаттандырып,оны білім жолына жетектейді.Білім беру процесінде ұстаз қыстың ызғарына,небір борандарға төтеп беріп,жаздың шіңгір ыстықтарына күйеді.Бірақ,күз мезгілі келгенде,еккен егіннен жемісін татып,қырманы алтын дәнге толғанда,арманы орындалып,төбесі көкке жетіп,балаша қуанады.
Қазіргі таңдағы ұстаздарға "жүрек батырлығы" өте қажет секілді.Өйткені,сауатты болу,жаңа технологияны жетік меңгеру,ғаламтор арқылы байланысып,желіде жұмыс жасай білу,үнемі білімін толықтыруы қажет. Оған қоса,нарықтық күйзеліспен арпалысқан ата-аналармен ,ата-ана тәрбиесі мен жылуынан алыстап бара жатқан балаларға мейіріммен қарым -қатынасқа түсу,оларға жылу бере отырып сауаттандыру,қағазбастылық міндеті тағы бар.
Ойдың түйініне келер болсақ,ұстаз - оқытушы,"кітап","ата-ана","компьютер" қызметін қатар алып жүруі керек,Осы тұста ұстаздардың еңбегі ұшын-теңіз екендігін ұғынуға болады.
Қайғырмайды өзі үшін,
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін,-деп Қадір Мырза Әли "Мұғалима" өлеңінде жырлағандай,ұстаз еңбек етуден талмайды,қиындыққа мойымайды,шәкірттерінің жетістіктеріне куә болған сайын,шабыттана түседі.
Сондықтан,ұстаздар қауымына ерен еңбектері еленіп,еңбектенуден шаршамай,қуатты болуларына тілектестік білдіремін.Құрметті әріптестер төл мерекелерің құтты болсын! Тәрбие.орг сайтынан Ұстаз еңбегі Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джыкинбаева Айнур Султамуратовна

"Бейнеу мектеп-интернаты"КММ-сі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar