Ұстаз-ұлы тұлға

  • Жүктеулер: 37
  • Көрсетілім: 811
  • Эссе
  • 02/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23661


Ұстаз-ұлы тұлға эссе
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға-деп
ұлы ақынымыз А.Құнанбаев өлеңі мен бастағанды жөн көрдім.Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Негізі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Біріншіден , «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді.
Екіншіден, Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ,ақ қағаздай таза,мөлдір судай тұнық, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.Мұғалімнің міндеті өз пәнін жан-тәнімен жақсы көру, білген түйгенін шәкірттеріне үйрету болып табылады.Ұстаз еңбегі әрқашан шәкіртінің жетістігі мен көрінеді.Мен ендеше өзімнің жастық жігерімді,күш-қуатымды,жаңашылдығымды,үйренгеніммен білген түйгенімді шәкірт тәрбиелеуге жұмсап келемін.. Мен үшін қастерліде қасиетті мамандық ол-жақсы ұстаз болу.Талаптың тұлпарына мініп,жастық жалынмен уақыттың қалай өткенінде білмей қалдым."Мұғалім- зор тұлға,ол күннің құдіреті сәулесі сияқты",-деп орыс жазушысы К.Д.Ушинский айтқандай,менің жас санаға сәуле беріп жанам деген жүрекке от беретін әдебиетші ұстаз атанған кезім-ең бақытты сәтім.
Міне,осындай қастерлі мамандық иесі атанғаныма 28 жылдай уақыт тың жүзі болған.Қызығы мен қиыншылығы мол еңбек жолындағы ұстанымым әрқашан жаңашылдыққа ұмтылып, алдыңғы қатарлы шәкірттер дайындау және оқушы бойына жақсылық шамын жағып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік арманға жетелеу болды.Әрқашанда ұстаз бақыты білімді ұрпақта,абройлы еңбекте дер едім.Мен үшін даңқ та,атақ та маңызды емес, шәкірт тәрбиелеуде сөзімді, еңбегімді бағалайтын ұрпақ болса-сол маңызды. " Ел есінде бір қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле" дейді халық даналығы. Сол айтқандай оқушыларымды биік-белестерден көрсем, мен өзімді мамандығыма сай кәсіп иесімін және бақытты ұлы тұлғамын деп есептеймін. Тәрбие.орг сайтынан Ұстаз-ұлы тұлға Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жолмуратова Гүлбаршын Колбаевна

Маңғыстау облысы ,Жаңаөзен каласы №17орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar