Тәуелсіздік - халықтың үні

  • Жүктеулер: 16
  • Көрсетілім: 586
  • Эссе
  • 10/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20456


Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі
Қазақ елінің басынан сан ғасырлық, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер өтті. Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы жайсыздықтарға ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдің бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көрер жарықты көріп, бұйырар ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға қанағат тұтудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жібертуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімізге,халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.
Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным — Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында.
1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы,еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тәуелсіздік құтты болсын мерекең!
Қыдыр дарып, арта берсін берекең!
Бейбіт елдің аппақ арман – тілегі,
Қазақстан «Мәңгілік ел » болса екен! Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіздік - халықтың үні Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Cәрсенбаева Гүлнұр Аманбайқызы

ОҚО Арыс қаласы С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar