ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ

  • Жүктеулер: 574
  • Көрсетілім: 7654
  • Эссе
  • 16/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21048


«Тәжірибедегі рефлексия»
«Қазақстан республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында қазақстан республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің (бұдан әрі – мектеп тренерлері) әлеуетін пайдалану қарастырылған. Осы мақсатта «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірледі».
Міне,осы бағдарлама негізінде мектеп тренерлері мектеп мұғалімдеріне өз курстарын бастап кетті. Курстың мұғалімдер үшін тиімділігі зор. Біріншіден, жаңа бағыттағы бағдарлама идеяларымен жан жақты таныса алады, екіншіден, курс мектепте өткізілетіндіктен, басқа жаққа барып іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан мұғалім үшін уақытты ұту жағынан өте тиімді. Курстың өз дәрежесінде өтуі үшін мектеп басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, жағдай жасалынып отыр. Тыңдаушылар әртүрлі пәннің мұғалімдері болғандықтан, негізгі мақсат мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәжірибеде қолдануға үйрету.
Бағдарламаның мақсаты: Педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту.
Бағдарламаның міндеттері:
1)Мұғалімдердің бойында төмендегідей дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету:
• оқыту үдерісін жоспарлау;
• оқушыларды оқу үдерісіне тарту;
• АКТ құралдарын тиімді қолдану;
• оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
• оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау;
• өзінің оқыту үдерісі туралы рефлексия;
2)мұғалімдерді үздіксіз кәсіби дамуға дайындау.
Осы мақсат пен міндетті алдыға қоя отырып, курс өзінің қызықты да қиын жұмысы арқылы мүғалімдердің жүрегіне жол таба білді.
Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушылар жаңа әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, оқушыларды шынайы өмірге дайындаудың маңыздылығына мән бере бастады. Өздері барлық жұмыстарды өз қолдарымен істеп, оқушының орнына өздерін қойды. Сабақ үстінде сырттағы адамдардан интервью алып, кинометофора әдісін қолдану арқылы фильм дайындады. Ал бұл мұғалімдер үшін қызықты әрі тың дүние болды. Сондай-ақ , күнделікті топқа бөлудің ерекшелігі, әртүрлілігі, сергіту минутының өзінің оұушы үшін маңыздылығы, өз жауабын өзі бағалай алуы , топтық жұмыс, жұмыстардың эстетикалық тұрғыдада өзіндңк ерекше болуына мән берілуі, кері байланыстың тиімділігі курстағы әр сессияның ерекшеленуіне үлес қосты. Әріптестерім тарапынан
« бір күн сабақтан қалсақ, талай дүниеден құр қалады екенбіз» деуі осы курсқа берілген баға деп түсінемін. Бұл үшін әрине бізге тренерлік білім берген Педагогикалық шеберлік орталығына, оның басшысы Асубаев Берік Құттыбайұлына, тренерім Толықбаева Ғалия Нұрманқызына алғысым шексіз. Тәрбие.орг сайтынан ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы

Алматы қаласы №74 жалпы білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar