Таза болса табиғат

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 961
  • Эссе
  • 19/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18725


Таза болса табиғат
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем,
-депп қазақтың атақты ақыны Қадір Мырзалиев жырлағандай, біздің жер шарымыз әжемнің өрнектеп тоқыған кілемі тәрізді. Әсіресе, көктемнің алғашқы күндері жер беті түрленіп, сан түрлі түске енеді. Жаныңа жылу, тәніңе саулық сыйлайды.
Алланың кереметімен жаратылған жер-анада өмір сүріп жатқан мына біздер қандай бақыттымыз. Жасыл шөптері, көкорай шалғын белдері, сарқырап аққан өзен-көлдері, заңғар таулары мен жеміске толы бақша-баулары адамзатты шаттыққа бөлейді. Әлем таза ауаға, тамаша табиғатқа кенелгенде ғана біз өзімізді бақытты сезінеміз. Себебі, ол біздің анамыз, үйіміз. Анасы баласына ақ сүт беріп, қалай өсірсе, жер де бізді мөлдір суымен, дәмді жемістері және әр түрлі өнімдерімен, жер асты байлықтарымен бағып-өағып, жетілдіреді. Табиғат қаншама көгалданып, тазарса, адамдар да соншама салауатты өмір сүреді.
Ал бүгінде туған қаламыз Қарағандының ауасы күннен-күнге ластанып бара жатыр. Жер бетіне жауған ақ ұлпа қар қара түске еніп, күнделікті тыныс алатын ауамыз дымқылданып, көк түтінге айналып барады. Неге?!... Осы жайлы ойласам, түн ұйқым төр бөлініп, көңілім жай таппайды. Өйткені ол көк түтін адам денсаулығына қаншама зиян келеді. Неше түрлі жаман аурулардың келіп шығуына себепші болады. Сонда болашақ жеткіншек, Отанымыздың болашақ ұрпағы мына біздердің саулығымыз қалай болмақ?! Осы жайында ойлаған ағаларым бар болса, менің шырылдаған дауысымды есітіп, көкмектессе екен. Егер осы мәселені дәл қазір қолға алып, бір шешімін таппаса, қаламның ертеңі жан ашырлық жағдайда болмақ. Маған осы мәселелер маза бермейді.
Айналайын, ағалар мен әпкелер, ойланыңыздаршы? Бүгінгі біздің туған жеріміздің табиғатын тазартудың жолын қарастырайық. Жас та болсам, өз қаламның болашағы жарқын, ауасы таза болу үшін «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыла кірісейік» деген үндеу саламын. Өз жасыл әлемімізді сақтап, қадірлеп, қстерлейік, бауырлар!
Тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйінін төмендегі өлең шумақтарымен айтсам деймін.
Табиғат біздің анамыз,
Жер-ана біздің панамыз
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз. Тәрбие.орг сайтынан Таза болса табиғат Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ташпулатова Акмарал Унарбаевна

Қарағанды қаласы "№4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar