Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
XXI ғасыр ұстазы - рухани дамыған тұлға
  • 20.10.2016
  • 478 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19752

Алматы облысы, Сарқан ауданы
“Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектеп ˮкоммуналдық мемлекеттік
мекемесінің математика пәнінің
мұғалімі Үгітхан Жеке
XXI ғасыр ұстазы - рухани дамыған тұлға

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани - шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға».
Атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға береді, Қоғамдағы жаңаша үрдіс әлеуметтік мәдениеттің басым бағыттарының өзгерістерінің білімдегі жаңаруды қажет етуі оның мақсаты, мазмұны, әдістері мен технологияларының іске асырылуы жаңаша білімдегі жетекші тұлға ретінде мұғалім қызметінің маңыздылығын айқындау болып табылады.

Оқу –тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау-бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады.
Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерген шақта , жаңа формация педагогы педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Мұғалім оқушыларға мақсат қойып, оны орындау жолдарын іздеуге бағыттайды, өзінің әрекетіне көзбен қарауға, нәтижені талдауға үйретеді. Мұғалім қызықты тапсырмалар жүйесін жасап, тапсырманы шешудің қарапайым әдісінен күрделіге ауыстырады. Сабақ үстінде шығармашылық дербестіктің қалыптасуы үшін оқушылар мыналарға міндетті: мәселені талқылауда белсенділік көрсету, шапшаң ойлау, сұрақ қоя білу, өз пікірін терең білім негізінде қалыптастыру, шығармашылықпен дербес жұмыс істеу және мақсатқа жетуі.
Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасап, баланың шығармашылық қабілетін ашып, оны алға қарай дамыту барысында сыныпта қабілетті, яғни дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйелі жолға қою қажеттілігі туындайды.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет.Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есте ұстауы қажет:
К.Д.Ушинский айтқандай, «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас»-дегендей,

XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.
Белгілі педагог К.Ушинский «мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»-деген. Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Тәрбие.орг сайтынан XXI ғасыр ұстазы - рухани дамыған тұлға Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Үгітхан Жеке

Алматы облысы Сарқан ауданы "Ы.Алтынсарина атындағы орта мектеп"КММ матемтика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Эссе
Көрсетілім: 478 | Жүктеулер: 7
Барлық пікірлер: 0
avatar