Жаңа тұрпатты мұғалім- шығармашыл тұлға

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 618
  • Эссе
  • 30/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21393


Жаңа тұрпатты мұғалім- шығармашыл тұлға

Қолына уақыт пен кеңістіктің байланысын ұстап, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш- қуат пен ақылды, талантты ашып, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін, дүниенің жанды сұлулығын көрсетіп, жан дүниесінің бар болмысын көре білетін адам- жаңа тұрпатты мұғалім. ХХІ ғасырдың жан- жақты біліммен қаруланған, алған білім білік дағдыларын кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алатын жеке тұлғасын қалыптастыру үшін жаңашыл мұғалім ролі зор. Жалпы адамзатты толғандырып, әлемнің басты проблемасына айналған «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтың аясында мен де ойлана келе, өз тәжірибемді барынша жаңашылдыққа бағыттау қажет деп қарастырдым.
Кәсіби қызметімнің ағымын білім саласындағы болып жатқан жаңалықтар мен оң өзгерістерге бағыттай отырып, білікті әріптестермен тәжірибе алмасу, өткізіліп жатқан коучинг сессияларына, семинарларға қатынасу, курстардан өту арқылы тәжірибемнің аясын кеңейтіп келемін. Жаңа тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып өткізілген жұмыстар өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды, сын тұрғысынан ойлауға үйретудің стратегияларын пайдалана отырып, дүниетану пәнінен 1- сыныпқа өткізілген «Сезім мүшелері» тақырыбындағы сабағымда жеті модульдің түрлерінің тиімді пайдаланылуы ескеріліп, мектепішілік деңгейде І-орыннан, 4- сыныпқа қазақ тілі пәнінен өткізілген «Етістіктің шақтары» тақырыбындағы сабағым аудандық «Ең үздік әдістемелік әзірлеме» байқауында ІІ- орыннан көрінді. Республикалық сайтта бірнеше сабақтарым сертификатталды. Бұл сабақтарда оқушылар оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатынын, пікір- көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым- түсініктерін өрістеткенін көрсетті.
Теориялық білімді практика жүзінде дамытуда кәсіби тәжірибемнің жүзеге асырылуына баға беріліп, аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің пән олимпиадасы байқауынан ІІ- орынды иелендім.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Оқушылардың оқу үлгерімі артқан сайын, олардың жетістіктері тіркеліп, таланттары айқындалады. Оқу процесі барысында өте әсершіл, өз пікірін білдіретін, шығармашылық тапсырмаларды, логикалық жаттығуларды орындауда көріне бермейтін ойлаудың барынша толысқан түрі, зияткерлік дарыны, көшбасшылық қасиеттері кездесетін жеке тұлғаларым Бертағина Назым, Тұрғынбек Ділдә республикалық «Ақбота» марафонынан ІІІ- орынды иеленсе, Қабдыхамитов Ерназ оқушылардың аудандық пән олимпиадасына қазақ тілі пәні бойынша қатынасып, ІІІ- орынды иеленді. Сонымен қатар Ерназдың ақындық қабілеті жыл өткен сайын ұшталып, бірнеше өлеңдері жазылып жинақталды. Аудандық «Қазақстан- көп ұлттар мекені» тақырыбындағы шығарма байқауынан ІІ-орынды иеленді.
Мұғалімге тән ең бірінші қасиет- баланы құрметтеу. Бұл мұғалімнің дүниетанымы мен үлкен жүрегінен шығады. Рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыруда мұғалім өз алдына ізденуші, зерттеуші, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы қажет. Оқушылардың шығармашылық қырларын дамыту, тәрбиелеу мақсатында белгілі ақын, журналист Х.Қ.Мұсабаевпен өткізілген «Туғызған туған жердің топырағы, Ақын ғып Хамитбектей өр тұлғаны» тақырыбындағы сыныптан тыс тәрбиелік жұмысым аудандық «Амангелді арайы» басылымында жарияланды. Сонымен қатар сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарыма сараптама жасалып, «Сыныптағы тәрбие жұмысын болжалдау және диагностикалау» тақырыбында педагогикалық кеңесте жасалынған баяндама жұмысым мектеп ішінде іс- тәжірибе ретінде таратылды.
Мұғалім- өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жан. Білімділер ғасырында өз пәнін жетік біліп, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай білсе, педагогикалық шеберлікпен іс- қимылын жүйелі орындауға қабілетті жаңа тұрпатты мұғалім қалыптасары сөзсіз. Жаңашылдыққа бағытталуда ізденіс нәтижелерім білім беру тәжірибемді өзгертіп қана қоймай, көздеген мақсаттарыма жетелейтініне сенемін. Тәрбие.орг сайтынан Жаңа тұрпатты мұғалім- шығармашыл тұлға Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аубакирова Гүлмира Кеңесқызы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін ора мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar