Жаңа өзгеріс, жаңақадам- жалпыға...

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 862
  • Эссе
  • 26/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22719


Бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білімділігімен анықтатындығы баршаға мәлім. Сол себепті де білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Қазіргі заман оқушылардың білімін бағалауда жаңа қадам, жаңа өзгерістерді қажет етеді. Бұл- қажеттіліктен туған сұраныс. Соған орай республикалық тест орталықтары жаңа үлгідегі тест кітапшаларын шығарды. Тест кітапшалары таңдау пәндеріне қарай біріктіріліп жаңа форматта жасалған. Кітапша оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы және 2 таңдау пәнінің тест сұрақтарынан тұрады. Таңдау пәнінде бір дұрыс жауапты және бірнеше дұрыс жауапты сұрақтар енгізілген. Тапсырмалары құрылымы жағынан күрделірек болады. Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, Ал математикалық сауаттылық қарапайым логикалық сұрақтармен математиканың негіздік білімін тексеру сұрақтарынан құралады.
Кітапшада берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген.
Жаңа форматтағы сынақ тест кітапшалары алдымен мұғалімдерге және оқушыларға әдістемелік көмек, жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағыт болатыны анық.
Биылғы оқу жылындағы жаңа форматтағы тестке дайындалу оқушылар үшін өз нәтижесін беріп келеді. Өз білімдерін сарапқа салған оқушылар алдағы ҰБТ- ке мейлінше дайын отырғандықтарын байқатады. Барлық жас түлектерге сәтті қадам тілеймін.
Сембаева Алтынкүл Сатымбайқызы
Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәрбие.орг сайтынан Жаңа өзгеріс, жаңақадам- жалпыға... Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сембаева Алтынкул Сатымбаевна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar