Жамбыл Жабаев – қазақ халқы поэзиясының жыр алыбы.

  • Жүктеулер: 31
  • Көрсетілім: 3400
  • Эссе
  • 27/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18167


Қазақ әдебиеті шежіресінде Абай Құнанбаев қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған ұлы тұлға болса, Жамбыл Жабаев кеңес халық ақындарының атасы,
ХХ ғасырдың Гомері атанған ақын.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімінің бүкіл жер шарын шарлаған кезі – жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының ортасы. Оның өлеңдері Азия мен Еуропа және басқа да континенттер ұлттарының елу шақты тілдеріне аударылыпты. 1936 жылы Жамбыл Жабаев «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталады.
1940 жылдары жазушы Жайық Бектұров «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты редактор болып қызмет істеген. Жамбыл Жабаевтың съездердегі құттықтау өлеңдерін талай рет газеттің бірінші беттерінде басылатынын жазады.
Жайық Бектұров сонымен бірге 1937 жылы «Литературная газета» Жамбыл Жабаев туралы мақаланы сол кездегі «Лениншіл жас» газетіне қазақшаға аударып басқан екен.
«Халық ақыны орденді Жамбыл» атты Жайық Бектұровтың мақаласында Жамбыл Жабаевтың өз аузынан естігенін жазады: «Әкемнің ағасы домбырашы еді. Күйлерін сүйсініп тыңдайтын едім. Он екі жасымда домбыра тартуды үйрендім. Табиғат маған дауыс берді. 14 жасымнан өлең айттым. 15 жасқа келгенде Сүйінбай ақынның шәкірті болғанын айтады.16 жасқа толғанда ауыл-ауылды аралап айтысқа шықтым. Жақсы ақындық қасиеттерді Сүйінбай ақыннан үйрендім, халықтан еш уақытта қол үзбедім, өлең күш-қуат берді».
Совет үкіметі ақындығын бағалап Жамбыл Жабаевты «Қызыл ту» орденімен марапаттады. «Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев» екі дәуірді жырлаған, жүз жасаған ақын. Өз халқының басындағы өмір шындығын дәл тауып көре білген шыншыл ақын.
Жамбыл Жабаев өлеңдері ұрпаққа үлгі өнеге. Тәрбие.орг сайтынан Жамбыл Жабаев – қазақ халқы поэзиясының жыр алыбы. Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шолақова Гүлнұр Еркінқызы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Уызбай ауылының №8 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar