"АРНАЙЫ ТЕХНОЛОГИЯ" ПӘНІ БОЙЫНША ІСКЕРЛІК ОЙЫН ФОМАСЫНДАҒЫ САБАҚ

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 139
  • Коучинг жоспарлары
  • 16/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23329


Сабақ жоспары
Пәні: Арнайы технология
Сабықтың тақырыбы: «Трактор және автомобильдер әлемі»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:Тракторлардың және автомобильдердің құрылысы және түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылығытуралы түсінік беріп, есте сақталуын қамтамасыз ету.
2. Дамытушылық мақсаты: Қарыштап дамып жатқан заманда белсенді, жаңашыл, сыншыл, білікті тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы
студенттерді уақытты тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ойын сараптап жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: іскерлік ойын формасындағы сабақ
Сабақтың әдістері: топпен шығармашылық жұмыстар жасау
Оқыту технологиясы: дәстүрлі емес оқыту технологиясы
Көрнекі құралдар: тест тапсырмалары, үлестірмелі тапсырмалар, сөзжұмбақтар, ребустар,
Пәнаралық байланыс: доңғалақ және шынжыр табанды машиналар, машинатану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Ең алдымен, топпен амандасып, топты түгендеу. Жұмыс орынын, әр түрлі техникалық және көрнекілік оқу құралдарын реттеп, дайындау. Студенттерді ұйымдастырылып отырған сабаққа бейімдеу. Оқушыларды екі тапшаларға бөліп, олардың реттілігін тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Қайырлы күн қымбатты студенттер. Біз бүгін өз арамызда «Трактор және автомобильдер әлемі» атты іскерлік ойын сабағымызды өткізгелі отырмыз.
Бүгінгі сайыста екі топ болады: 1-ші топ «Тракторшылар», 2-ші топ «Автомобильшілер» деп аталады. Осы топ мүшелері өз біліктілігімен, тапқырлықтарымен сайысқа түскелі отыр. Ендеше топтарға сәттілік тілейміз.
Топтарымыз, сарапшыларымыз ортада ендеше, сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
1-кезең. Таныстыру.
2-кезең. Білгірлер сайысы.
3-кезең. «Ойлан тап».
4-кезең. Шығармашылық тапсырма.
5-кезең. « Көрнекі бейнелеп ойлау»
6-кезең. «Көрнекі әрекеттік ойлау»

Білген сайын келеді біле бергім.
Біле беру емеспе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жіңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек. – деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Әр топ басшылары топты және топ мүшелерін таныстырып өтсе.
Екі топ басшылары топ бастаған.
Сіздерді «білгірлер сайысына» шақырамыз. 2-ші кезең «Білгірлер сайысы» деп аталады. 1минут уақыт ішінде әр топқа 15 сұрақ оқылады. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан.
1-«Тракторшылар» тобына:
1. Автомобильдер атқаратын жұмыс түріне қарай қалай бөлінеді?
2. Двигательдің жұмыс көлемі қалай аталады?
3. Өте жеңіл кластың литражы қандай?
4. Жеңіл машиналарды түрлендіріп, олардың маркасын белгілегенде не көрсетіледі?
5. ВАЗ- 2106 машинасының индексі қандай?
6. Жүк машиналары салмағына қарай неше класқа бөлінеді?
7. Жүк машиналарының индексі қандай сандармен белгіленеді?
8. Жүк машинасының салмағы 1,2 т болатын түрінің индексі қандай?
9. Ұзындығы 5м-ге дейінгі автобустың индексі қандай?
10. Арнаулы жылжымалы машиналарға жатады?
11. Шасси деп нені айтамыз?
12. Автомобиль негізінен неше бөліктен тұрады?
13. Кузов деген не?
14. Двигательдің қызметі қандай?
15. Басқау жүйесіне не жатады?
2- «Автомобильшілер» тобына:
1. Автомобильдер неше топқа бөлінеді?
2. Жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен салыстыруға бола ма?
3. Орташа кластың литражын ата?
4. Жоғары кластың индексі қандай?
5. ВАЗ-2114 машинасының класы қандай?
6. Жүк машиналарының маркасын қалай белгіленеді?
7. Жүк машинасының салмағына қарай түрлерге бөлінуінде жүктің салмағы ескеріледі ме?
8. Жүк машинасының 40т-дан жоғары салмақтағы класының индексі қандай?
9. Автобустар қандай қасиетіне байланысты түрлерге бөлінеді?
10. Арнаулы жылжымалы машиналар қайда пайдаланылады?
11. Жүк таситын машиналарды кузовы қалай жасалады?
12. Тежеу жүйесіне не жатады?
13. Машина тұғыры дегеніміз не?
14. Автомобиль маркаларында қандай белгілер болады?
15. Трансмиссия не үшін арналған?
3-ші кезеңіміз «Ойлан тап» деп аталады. Екі топқа арнайы жасалған сөз жұмбақтар беріледі. Уақыт шектеулі 5минут.

Т
РР

А
К
К
ТТ
ОО
РР

1. Двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелектерге жеткізу қызметін атқаратын.
2. Двигательдің жұмыс көлемі қалай аталады?
3. Жалпы ұзындығы бойынша классификацияланатын?
4. Тасылатын жүкті орналастыруға арналған?
5. Автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі?
6. Литражы 1,9-3,5-ті құрайтын, индексі 31-ге тең болатын жеңіл машина класы?
7. Рульдік механизм жатады.
4-ші кезеңде шығармашылық тапсырмалар беріледі. Екі топтың шығармашылық қабілеттерін анықтаймыз. Яғни, әр топ өз атауларына сәйкес, бірі «ең үздік тракторшылар», енді бірі «ең үздік автомобильшілер» болып сұхбат бересіздер.
«Тракторшылар» тобымен сұхбат жүргізу сұрақтар:
1. Тракторлар не үшін жіктеліп, түрлерге бөлінеді?
2. Ауылшаруашылығында трактор кенеттен сөніп қалады. Уақыт өте шектеулі, тракторлар құрамы аз. Не істер едіңіздер осы жағдайда.
3. «Ең үздік тракторшы» атану үшін қандай жұмыстар жасау керек?
4. Осындай атаққа ие болған адам, өте қарапайым болуы мүмкін бе?
5.
«Автомобильшілер» тобымен сұхбат жүргізу сұрақтар:
1. Автомобилдер неліктен классификацияланады?
2. Машинамен жүріп келе жатып, кенеттен өшіп қалады, кейін оталдырса қайта қосылады. Бұл ситуация туралы не айтар едіңіздер?
3. Сіз «Ең үздік автомобильші» ретінде қандай жұмыстар жасадыңыздар?
4. Мұндай атақты алып жүру қаншалықты оңай немесе қиын?
Рахмет. Шығармашылық қабілеттеріңіз шыңдала берсін.
Тағы келді сыналар шақ айналып.
Тереңіне білім теңіз байланып.
Кім шешеді бейнеленген суретті.
Жеңімпаз боп тұрады сол сайланып. 5-ші « Көрнекі бейнелеп ойлау» деп аталатын кезеңімізді бастаймыз. Топтарға арнайы жасалған «ребустар» беріледі. Ребусты шешу үшін 2минут уақыт беріледі. (Ребустар А3 форматына алдын-ала жасалып, кейін таратылады)

Айдынында білім атты мұхиттың
Шаршамаймыз тереңіне самғаймыз –деп, біз келесі 6-шы «Көрнекі әрекеттік ойлау» деп аталатын турымызды бастаймыз. Бұл кезеңде бөлініп тасталған сөздерден сөйлем құрап шығуға міндеттелеміз. Сөйлем құрап болған соң оқып береміз.
«Тракторшылар» тобы үшін:
Жеңіл машиналарды двигателінің жұмыс көлеміне байланысты түрге бөледі соған байланысты оның индексін белгілеу маркасына кіргізеді.
«Автомобильшілер» тобы үшін:
Тракторлар атқаратын қызметіне қарай жалпы жұмысқа арналған, универсалды-қатараралық және арнаулы деп бөлінеді.

Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады, - дей отырып, біз бүгінгі іскерлік ойын негізінде ұйымдастырылған сабағымызды қорытындылаймыз. Сонымен, «белсенділігімен», «шығармашылдығымен», «білімділігімен», «тапқырлығымен» көзге түскен студенттерді екі топтанда анықтайтын боламыз.
ІІІ. Рефлексия. Студенттердің ой пікірін білу.
- Тақырыпты қаншалықта түсініп, есте сақтадыңыздар?
- Қандай жаңа мәліметтер алдыңыздар?
-Сабақтың өту барысы туралы қандай ойыңыз ба? – деген сұрақтарға жауап алу.
V. Қорытындылау, бағалау. Сабақ қорытындылау, сабаққа белсене қатысып отырған студенттер бағалау. Бағалау барысында студеттердің бірін-бірі бағалауын, олардың ой-пікірлерін де ескеру. Тәрбие.орг сайтынан "АРНАЙЫ ТЕХНОЛОГИЯ" ПӘНІ БОЙЫНША ІСКЕРЛІК ОЙЫН ФОМАСЫНДАҒЫ САБАҚ Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейтқалиева Назерке Сабитқызы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Сырдария-аграрлы техникалық колледжі "Кәсіптік оқыту" білім бакалавры, арнайы пән оқытушысы.

Пікірлер: 0

avatar