Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалаудың мәні
  • 20.12.2016
  • 706 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20593

      Апта:

Күн:

Тренер: Курбанбаева НМ

аудитория

      Тақырыбы

Бағалау үдерісінің мақсаты.

Оқу үшін бағалаудың мәні .

 

Мақсаты

Мұғалімдер бағалаудың маңызы туралы нақты арнументтер мен дәлелденген қорытындылар жасайды

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер оқу үшін бағалаудың мақсаттарын жіктейді және оқу үшін бағалау әдістерін енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Түйінді сөз

Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрмеді әдісі болып табылады.

Сессия  барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыт шеңбері

тренердың іс-әрекеті және қатысушылардың іс-әрекеті

Жағымды ахуал

5 мин

Зейінді шоғырландыруға арналған- трениг

 

 

(импровизация- бүкіл сыныпқа арналған)

   2)   «жайлы орындық» 

 жайлы орындыққа бір оқушы отырады. Өзгелер жартылай шеңбер жасап айнала отырады.. басқалардың міндеті: орыдықта отырған адамды орынын босатып беруге көндіру. Орындықта отырған адам өзін жайлы сезінеді, оған қолайлы жағдай тудырмайынша орынын босатып беруге асықпайды.  Оны орын босатуға көндірушілер өз мақсатына жету үшін түрлі әдістер қолданады.

Топқа бөлу

3мин

  1. «геометриялық фигураларды таңдау»

 

 

  1. Өзін –өзі бағалау парақшалары тарқатылады. «табыс көпірі»

Өздерін бағалайды.

таныстырылым

13 мин

 

 

оқу таныстырылымы;

Бағалаудың  негізгі мақсаты

ол оқушыларға өзінше оқу, өзінше жүйелеу, өзінше реттеу, өз-өздерін бағалауға мүмкіндік беру.

Бағалаудың ең басты бағыты – білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.

Бағалаудың маңызды бөлімі -баланың конвергентті ойынан арылдырып  дивергентті ойлау әсерін ескеру .

           

Бағалаудың түрлері: қалыптастырушы бағалау, Жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау:Күнделікті алған білімінің    меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау: Белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

    бағалау үдерісінің мақсаты:

  1. Оқудағы қиындықтарды анықтау;
  2. Жетісіткке жеткендігін көрсететін кері байланыс;
  3. Уаж. Кері байланыс көбіне  уәж түрінде көрінеді, ынталандыру;
  4. Болжау және сұрыптау;
  5. Стандарттарды бақылау  және орындау;
  6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. 

    Бағалаудың мәні

  • Қадағалау;
  • Алынған мәліметтерді интерпретациясы;
  • Бұдан әрі іс-әрекетті анықтауға бағытталған  қорытынды.

 

Қадағадауды өткізу-оқушылар нені білетіндігін, нені істей алатындығын және қандай қиындықтарға кездесуі мүмкін екенін анықтау.оқушының сұрақтарға берілген жауаптары бақылану керек.

  • қызығушылық туғызатын мәселелерге,-ерекше дағдылар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі.интерпритацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады.
  • : мәліметтерді интерпитациялау нәтижесінде қорытынды жасалады,бағалауды көздейді

Қорытынды бағалау үдерісі- жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептегі білім сапасына , болашағына ықпал ететін үдеріс.

Жиынтық бағалау үш критерий бойынша бағаланады  «білім», «практика», «рефлексия».

Бағалаудағы нақтылауға қойылатын талаптар:
тұлға бойындағы қасиет қатесіз сараланып, басқа қасиеттерден оңай ажыратылып, нақты берілуі қажет. Яғни сіз кім үшін, не үшін қандай әрекет жасамақшысыз, ойланып көріңіз.
Ең алдымен, бағаланатын қасиеттерді бақылау критерийлерінің нақтылануы қажет. тұлғаның өзін-өзі реттей алу, эмоциясын бақылай алу қабілеті оның оқудағы кедергілерге мойымай, сәттілікке жеткізу.

Критериалды бағалау- бұл  білім  берудің мақсаты мен мазмұнына  негізделген  оқушының  оқу- танымдық  құзырлығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген   жетістіктермен салыстыру үрдісі.

 Оқушылардың ынтасын анықтауды рейтингілік- тиімді тестілеу- кезіндегі жиынтық бағалау. Оқу мақсаттарына жеткенін білу үшін баға өте маңызды аспект, осы орайда оқушылардың табысқа жеткендігін қалай бағалайсыз? Өзара бағалау мен өзін өзі бағалауды оқушының өзінің табыс критерийлеріне қатысты қандай деңгейде тұрғанын және даму қадамдарын анықтау үшін қалай қолданасыз? Сұрақтар бізді мазалау керек, осы жерде бағалау тестерін жеке тапсырмалар, ашық сұрақтарды пайдалануға болды.

 

 

Ой шақыру

(Постер қорғау) 

20 мин

1-топқа «оқудағы қиындықтарды анықтау»  туралы өздеріңіз білетін ақпараттарды жазу  әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау.

2- топқа  «оқытудағы кедергілерді анықтау» туралы өздеріңіз білетін ақпараттарды жазу  әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау.

 

 

 

 

 

Рефлексия

1мин

Тақырып бойынша алған мәліметтерің жайлы «табыс  көпірі» өзін-өзі бағалау

Кері байланыс

3мин

                                           Екі жұлдыз- бір тілек

                                               

                                          2 сабақ

 

 

 

Жағымды ахуал

5мин

Зейінді шоғырландыруға арналған- трениг

Сәлемдесу (әртүрлі халықтардың сәлемдесуі бойыша)

Топқа бөлу: Түрлі стикерлерге тілек жазып көршісіне ұсынады.

Стикелер түрлі түсті, түстер бойыгша топқа  бөліну

түсіндірілім

15мин

 

Бағалаудың 6 қағидасы

1-ші қағида:  “МАҢЫЗДЫЛЫҚ”.Бағалау үшін пәннің ең маңызды, күтілетін нәтижені таңдап алу қажет.

2-ші қағида:  “ДӘЛДІК”.(адекваттық) Оқушылардың қажетті білім, білік дағды, құндылықтарды қандай деңгейде менгергендігін көрсететін бағалау.

3-ші қағида: “ОБЪЕКТИВТІК” Бақылау жұмысын орындаудың нәтижелерін бағалау- көп жағдайда субъективтік процесс.

4-ші қағида: “ОҚУДЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ”.Бағалау мен үйрету – бір тұтас процесс. Мұғалімнің өзіне қоятын сұрақтары: бағалау талаптары (критерийлері) оқу процесіне енгізілген ба? Мен оқушыларымды бағалайын деген нәрселерге үйреттім бе?

5-ші қағида: “ЖАРИЯЛЫЛЫҚ” Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланатындығын білуі керек.

6-шы қағида: “ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ”бағалау процесі мен оның формалары қолданысқа қарапайым және ыңғайлы болу тиіс. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемдігін туғызбауы керек.

    

 

Ой қозғау

 

10мин

Берілген таныстырылым бойынша

Осы алты қағиданы сабақта қалай қолданамыз

Әрбір тыңдаушы өзінің пікірін келтіреді топқа талқыға салады негізгілерін таңдап аудиторияға жариялайды.

Әрбір тоқа  3қағидана боліп беріледі.

Психологиялық ахуал

3мин

«Сіз қадай мұғалімсіз?» тренинг өткізу

Кері байланыс

2мин

«Табыс көпірі» өзін –өзі бағалау

рефлексия

5мин

Тринерге  «менің тілегім, мені ұсынысым бар» стратегия бойынша стикерге жазады.

 

 

Психолониялық тренинг:  мұғалімдер өздерінің қалаған фигураны таңдап алады.

Таңдап алған фигураларына байланысты мұғалімдер мінез құлықтарын білулеріне болады.

Фигура

Жағымды

Жағымсыз

Үшбұрыш

*Өз соңынан ертер, топбасшы

*Жауапкершілікті өзіне қабылдайды

*Батыл

*мақсатқа жетуге жинақталған

*Істің мәніне бағытталған

*Жеңісті көздеген бәсекешіл

*Өзін  - өзі сенімді

*Намысшыл

*Жігерлі

*Өзімшіл

*Үзілді – кесілді, қарсы сөзді кешірмейтін

*Өзгенің сөзін бөлетін, шыдамсыз

*Арам, зұлым

*Менмен

*Атақ құмар

Шаршы

*Мұхият, жинақы

*Ұсақ – түйекке ұқыпты

*Еңбексүйгіш

*Орынды, саналы (зерделі)

*Мағұлматты, білімді

*Табанды, өжет

*Шешімдерге берік

*Шыдамды

*Ұқыпты 

*Астындағы атын алтай ай іздейді

*Қиялы онша үлкен емес

*Адам жатырқайтын, салқын

шеңбер

*Өмірге деген творчестволық көзқараста болуы

*Теориялық тұрғыда ұстануы

*Сөз тапқыш, өткір тілді

*Турашыл

*Мәнерлі, бейнелі

*Аңқау

*Нақсыз

*Қара басын ойлайтын

*Мінез – құлқы құбылмалы

*шыдамсыз.

Тәрбие.орг сайтынан Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалаудың мәні Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курбанбаева Нишангул Маханбетқызы

Қостанай облысы Таран ауданы "Набережный орта мектебі" КММ математика пәні мұғалімі 2(негізгі) деңгейлі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 706 | Жүктеулер: 32
Барлық пікірлер: 0
avatar