"Компьютер. Компьютердің негіз"

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 523
  • Коучинг жоспарлары
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21144


№1 сабақ
Қысқа мерзімдік жоспарлау

Пәні: информатика Сыныбы: 5

Пән мұғалімі: :Жахонгир Халимов Тексерген: ______________________

Мақсаты: Алгоритмдеу және модельдеу туралы мағлұмат игеруге және программа құрылымын жасауға дағдыландыру.

Сабақтың тақырыбы:
Компьютер. Компьютердің негіз
Өткізілген уақыты:
17.11.16ж.

Сабақтың мақсаты:
Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар және типтері туралы білімдерін қалыптастыру;
Сабақтың нәтижесі:
 Алгоритм жазу пішімін;
 Блок схемалар;
 Алгоритм типтерін меңгере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сабақ барысы

Кезең Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ұсынылатын ресурстар Күтілетін нәтиже
Таныстырылым 3 минут Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
назарын аударту
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Көңіл күйлеріңіз қалай, демалысты қалай өткіздіңіздер?
Жағымды ахуал.Танысу.
Допты бір-бірлеріне лақтыра отырып, есімдерін кезекпен ретімен айта отырып, өз есімін айтып өтесіздер.
Топқа бөлу.
- Суреттер бейнеленген үлестірмелерді таңдай отырып, біркелкі суреттер топтасып, топ құрасыздар.

Оқулық, дәптерлерін дайындау, назарын аударады.
Үлестірме қағаздарды таңдай отырып, топ құрады. Бірлесе отырып топ ережесін өздері құрады.


Үлестірме қағаздары, ватман, маркер

«Танысу» жағымды ахуал туғызу арқылы оқушылармен танысып, есімдерін есте сақтау.

Кіріспе 5 минут Миға шабуыл.
- Әр топ өздеріңіз құрастырылған суреттегі бейнеге сипаттама беріңіздер.

Өздері құрастырған суретте берілген компьютердің құрылғыларының (жүйелі қорап, монитор, пернетақта, тышқан) қызметін атап өтеді.

Формативті бағалау

Үлестірме қағаздары

«Компьютер құрылғыларымен» танысып, олардың міндеттері жайлы мағлұмат игеру.

Негізгі бөлім 15 минут Тапсырма. Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі бойынша оқып, талқылап, постер дайындайсыздар. Топта: баяндамашы, көшбасшы, уақыт сақшысы болып рөлге бөлінесіздер. Белгілермен формативті бағалау жасайсыздар. Белгілер төмендегідей:
- өте жақсы
- жақсы
- жаман емес Топтасып тапсырманы орындайды. Уақыт сақшысы уақытты есептейді, баяндамашы баяндауға дайындалады, көшбасшы реттеп отырады. Әр топ бір-бірлеріне бағалау жасайды. Топтық бағалау Ватман, маркер, белгілер Өздігінен жаңа тақырыпты игеру және рөлдік міндеттерді атқара білу.
2 минут Сергіту сәті.
- Аудиожазбаны тыңдай отырып, айтылған әрекеттерді жасайсыздар. Аудиожазбаны тыңдайды, әрекеттерді жылдам жасайды. Компьютер Серпілту мақсатында
Қорытынды бөлім 12 минут Практикалық жұмыс.
Жұптық жұмыс.
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындаңыздар. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды. компьютер Жұптаса отырып, электронды оқулықтағы тапсырмаларды талқылау.
5 минут Кері байланыс.
• Алгоритм дегеніміз не?
• Алгоритмнің қандай түрлері бар?
• Блок схема дегеніміз не?
- Бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлеріңді алдарыңдағы сауалнамаға толтырыңыздар.
Сұрақтарға жауап береді.

Белгілермен бағалау

Жиынтық бағалау
Үлестірме қағаздары

3 минут
Үйге тапсырма: Кітаптағы 1,2 жаттығуларды орындап келу және «Компьютер болашағы» тақырыбында эссе жазып келу. Тәрбие.орг сайтынан "Компьютер. Компьютердің негіз" Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жахонгир Халимов

ЮКО Түркістан қаласы "Қызыл-Әскер"жалпы орта мектебі Информатика пән мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar