Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Критериалды бағалау - оқу сапасын арттырудың тиімді жолы
  • 04.03.2016
  • 828 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16956

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (33.6Kb)

«Критериалды бағалау»
тaқырыбы бойыншa семинар-тренинг жоcпaры
/Қазақ мектеп-гимназиясы/

Директордың ОТЖ орынбасары Бакеева Молдир Туганбаевна
Директордың ҒӘЖ орынбасары Есенгалиева Айгуль Ерболовна

Күні: 02.03.2016 Caғaт: 14:30 – 16:00
Caбaқ тaқырыбы: Критериалды бағалау
Жaлпы
мaқcaт: Әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдастыру.
Күтілетін
нәтиже 1. Критериалды бағалаумен әріптестер танысады.
2.Мұғалімдерге критериалды бағалаудың жүйелерін үйрету арқылы дәстүрлі бағалаудан артықшылықтарын көреді.
Түйінді
идеялaр: Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.
Caбaқтa қолдaнылaтын мaтериaлдaр: компьютер, проектор, мәтін үлгілері, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 форматтағы ақ қағаздар, кері байланыс парағы
Дерек көздері: Әдістемелік нұсқаулық, мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тaпcырмaлaр: Топтық талдау, рөлдік ойын, салыстыру, зерттеу

Критериалды бағалау бойынша семинар -тренингте мұғaлімдердің іc-әрекеті:

Ұйымдacтыру кезеңі
Уақыты
Коучтың іc-әрекеті Қатысушылардың іc-әрекеті
Таныстыру Мектеп туралы ақпарат
/ қысқаша шолу/ Тыңдау
Топтастыру
Қатысушыларға фигуралар қиындылары ұсынылады (фигурамен топтасады, кейін түспен топтасады) Қима суреттерді құрастыру арқылы қатысушылар 4 топ болып топтасады.
Психологиялық ахуал туғызу
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «шаттық шеңбер» тренингін ұйымдастыру Есімінің алғашқы әріпі бойынша өз тарапынан әріптестеріне жыл лебіздерін білдіреді.
Түйінді идеялар «Дейін - кейін» стратегиясы
Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін «Бағалау дегеніміз не? Ал баға дегенді қалай түсінеміз? деген сұрақтарға жауап жаздыру. Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына бағалау туралы не білетінін жазады.
Презентациялар таныстырылымы
«Критериалды бағалау» таныстырылымы. Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады.
«Аққаланың суретін салу» тренингі Әр топқа аққала суретін салуға тапсырма беріледі. «Карусель» әдісі арқылы бір-бірінің суреттерін бағалайды. Дене мүшелерінің немесе аққала атрибуттарының түгел болуы (мұрны сәбізден, басында төңкерілген шелегі бар, қолы, басы, қолында сыпырғышы бар) 2 ұпай
Түсі (ақ түсті, сәбіз тоқсары түсті, шелегі сұрғылтым түсті,т.б.), қолданылған түстер немесе бояулар саны 1ұпай
Өлшемі (сурет салуға берілген бетті түгел қамтуы) 1ұпай
Бір бүтіндігі – 1 ұпай (суреттің аяқталуы немесе салынып бітуі)
Жалпы 5 ұпай
Сергіту кезеңі
«Қызылжар» биі
Қатысушылар би билейді.
Таныстырылым Оқушының оқу жетістігін
қазақ тілі мен әдебиеті бойынша
бағалау критерийі
Қатысушылар тыңдайды, өз ойларын білдіреді
Тапсырма № 1 Мәтінмен жұмыс Мәтінге критерийлер құрып, әріптестерге ұсынады
Тапсырма № 2 Сыйлық жасау.
Берілген қағаздан гүл шоқтарын жасау. Бірінші топ сыйлығын екінші топқа, 2 топ 3 топқа, 3 топ 4 топқа, 4 топ 1 топқа береді және сол ретпен бағалайды
Теориялық бөлім
Презентациямен бағалау өлшемдері критерийлер және дескрипторлармен таныстырып өту.
Бұдан кейін топтар жұмысын бағалау қайта бағалау жүргізу үшін топтарға бағалау өлшемдері таратпасы беріледі.

Критерийлер Дескрипторлар Ұпай
1 Көркемділігі 1.Талғамы жоғары 1
2.Төмен 0
2 Орнықтылығы 1.Орнықты 1
2.Орнықты емес 0
3 Көлемі 1. Талапқа сай келеді 1
2.Талапқа сай емес 0
• Топта өзара талдау;
• Ойларын ортаға салу;
• Ортақ критерийлер шығару;
Жасаған өнімдерін қайта бағалау (шығарылған критерийлері бойынша)
Топтар өздерін мына критерийлер арқылы бағалайды.
Қорытынды Бүгінгі сабақта бағалаудың неше түрі пайдаланылды? Сіз үшін қайсысы тиімді? Алған ақпараттарын қорытындылайды.
Рефлекcия
Коучинг қатысушыларымен кері байланыс орнату.
1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?
Иә жоқ Түсініктемелер
2. Сіз бұл мақсаттарды өзіңіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?
Иә жоқ Түсініктемелер 3.Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?
Иә жоқ Олар қандай тәсілдер болды?
4.Коучинг кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?
Иә жоқ Неге?
5.Коучинг кезінде сіз жаңа бір нәрсе үйрендіңіз бе?
Иә жоқ Не үйрендіңіз? 6.Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма?
Иә жоқ Қалай? 7.Коучинг сабағы Сіздің өзініздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгіуге жігерлендірді ме? Қандай өзгерістер?
8.Сіз үшін осы коучингтің құнды жәйттері қандай болды?
9.Бүгінгі үйренгеңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
10.Сіздің қандай ұсынысыңыз бар?
Өз ой – пікірімен бөліседі.
Қорытынды Көктем бейнеролик Тәрбие.орг сайтынан Критериалды бағалау - оқу сапасын арттырудың тиімді жолы Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенгалиева Айгуль Ерболовна

СҚО Петропавл қаласы Қазақ мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 828 | Жүктеулер: 7
Барлық пікірлер: 0
avatar