Критериалды бағалау туралы ақпарат беру

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 575
  • Коучинг жоспарлары
  • 24/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20682


Тақырыбы: Критериалды бағалау туралы ақпарат беру
Мақсаты: Мұғалімдер критериалды бағалаудың маңызы туралы нақты аргументтер мен дәлелденген қорытындылар жасайды.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер критериалды бағалау әдістерін енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді.
Түйінді идеялар: Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылады.
Сабақ барысы:
Топқа бөлу Ш.Қалдаяқовтың әні «Әнім сен едің» 5 минут
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу:
«Қисық айна» ойынында қораптағы сурет иесіне қысқаша мінездеме береді. (Қорап ішінде айна екенін білмейді)
Барлық мұғалім өзіне-өзі баға береген соң, соңғы мұғалімге қораптағы суреттің кім екенін табуы керек.
Кері байланыс: Өте жақсы әриптестер барлықтарыңызға рахмет. 5 минут
№ 1 тапсырма
Ой қозғау: Әр топқа 1 ұялы телефон беріледі. Тапсырма берілген ұялы телефонды бағалауы керек.
Кері байланыс: Өте жақсы әриптестер. Недеген керемет баға бердіңіздер. 5 минут
Мағынаны тану:
Ман 51 бет
«Критериалды бағалау» туралы ақпарат беру Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болар; немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.. 10 минут
№ 2 тапсырма
Тәжірибе Белгілі бір критерийлерге сүйене отырып ұялы телефонды қайта бағалап көрсек құрметті әріптестер.
Кері байланыс:Демек біз бағалауда белгілі бір критерилерге сүйенуіміз тиіс. 15 минут
«Оқушының ынтасын анықтауды рейтингілік тиімді тестілеу кезіндегі жиынтық бағалау әсері» туралы ақпарат беру
Ман 52 бет Сонымен қатар мектептер алдағы нәтижелерге қалай қол жеткізілгенін біліп, одан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін де «мәлімет» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл үшін баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғандығын және бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда (сандық түрдегі) жиынтық бағалау басты мәселе емес, сондықтан мұғалім оларға негіз болған мәліметтерге (қадағалау және интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы қалыптастырушы қорытынды (ауызша түрде) ұсынады. Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалау оқу үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін. Алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, оқу үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл бағалау қолданылған мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда сыртқы тестілер одан да бетер проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде бұл балдар мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне мұғалім жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады 15 минут
№ 3 тапсырма
Постер қорғау «Оқушының ынтасын анықтауды рейтингілік тиімді тестілеу кезіндегі жиынтық бағалау әсері» 15 минут
«Қара жәшік» әдісі Ман 53 бет Блэк пен Уильямның бастапқы зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқу үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болды. Жоғарыда айтылған зерттеу бағалау арқылы оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті:
• Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.
• Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.
• Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
• Бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
• Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

10 минут
Кері байланыс 5 минут
Рефлексия 5 минут Тәрбие.орг сайтынан Критериалды бағалау туралы ақпарат беру Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанысбаев Даулет Сейлханович

Алматы облысы, Көксу ауданы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларык орта мектебі Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar