«Lesson study — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы»

  • Жүктеулер: 22
  • Көрсетілім: 709
  • Коучинг жоспарлары
  • 18/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19235


Өткізген: Турсунбаева Анара Садыковна
Шебер сынып тақырыбы: «Lesson study — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы»
Сілтеме: Lesson study әдісі
(1 деңгей мұғаліміне арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар, интернет ресурстары)
Жалпы мақсаты: Пікір алмасу барысындағы тең құқылы, ынтымақты серіктестік құру. Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігі айқындалады және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беріледі.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Нақты мақсат қоя алады
Оқушыларды зерттей алады;
Бағалауды практикада қолдана алады;
Lesson study әдісі бойынша топтастыру немесе презентация жасай алады.
Шебер сыныпта туындаған негізгі идеялар: 1. Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігін түсінеді.
2.Мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастырады, ойлау үдерісін жүзеге асырады.

Тренинг-психологиялық ахуалды орнату «Сағат тілімен жүретін достар»

Топтарға бөлу Бүгінгі ауа-райын анықтайтын сын есімдер бойынша топқа бөліну.
Кіріспе тапсырмалар: Кіріспені презентация «PowerPoint»
арқылы көрсету. Lesson study сабақтарын жоспарлау кезеңі
Ой шақыру: «Пікірлер себеті» Қойылатын сұрақтар:
1. Lesson study туралы не білесіздер?
2. «Lesson study — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» қалай түсінесіздер?
Негізгі түйінді идеялар:
Lesson Study тәсілімен «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісін іске асыру;
Бағалаудың түрлерін қолдану.
1 тапсырма (топтық жұмыс) Lesson study-ді қалай ұйымдастыруға болады және күтілетін нәтижелер» (постер дайындау)
Бағалау Өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сергіту сәті «Атамекен» патриоттық ән орындау
2 тапсырма
(топтық жұмыс) Lesson study кезеңдерін көрініс ретінде көрсету
1 топ: жоспарлау кезеңі
2 топ : зерттеу сабағының кезеңі
3 топ: талдау, жүйелеу кезеңі
Тақырыпты өздері таңдап алып, жұмыстарын қорғайды.
Бағалау Өзара бағалау
3 тапсырма «Бұрыштар әдісі» 1 топ — Lesson study сабақтарын өткізуді жақтайды, 2 топ – қарсы, 3 топ — саралайды
Қорытынды рефлексия Өз сезімдерің қалай? Бүгінгі семинар тренинг ұнады ма?
Дөңгеленіп тұрып, бір- біріне «рахмет» айту, тіліктер айту.
Алған әсерлерін ауызша талдайды.
Өз ой – пікірлерін стикерлерге жазып бағалайды. Соңынан сауалнама алынады.
Ресурстар Бейнефильмдер, презентациялар, маркерлер, постерлар, стикерлер. Тәрбие.орг сайтынан «Lesson study — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турсунбаева Анара Садыковна

Маңғыстау обл.Жаңаөзен қаласы №6 орта мектеп Биология пәні пұғалімі

Пікірлер: 0

avatar