Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мектеп тәжірибесіндегі бағдарламаның 7 модуль идеясы
  • 20.11.2016
  • 291 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20107

Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББОМ №76 орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Мейрханова Жазира Оралканқызының
Мектеп тәжірибесіндегі
бағдарламаның 7 модуль идеясы бойынша өткізген коучинг сабағының жоспары.
Коучинг тақырыбы: Мектеп тәжірибесіндегі бағдарламаның 7 модуль идеясы
Жалпы мақсат: Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға;
түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқау
Оқу нәтижесі: • Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модуль мәнмәтінінде мұғалімде тұжырымдамалық түсіну негіздерінің және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;
• мұғалімде өзтәжірибесі туралы сынитұрғыдан ойлану(рефлексия) дағдыларының, өзін-өзіжетілдіруқабілетініңболуы;
• мұғалімніңоқушыларды білім алуғатартуүдерісінжандандыруәдістемесінмеңгеруі;
• мектеп мұғалімдерінің кәсібиқоғамдастығы аясындабелсендіжұмысістеугедайынболуы.
Негізгіидеялар: Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.
Сабақтақолданылатынматериалдар: Слайд-презентация
түрлі-түсті стикерлер, флипчарт, бейнефильм «Шошқа мен печенье», «Көбелек».
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
«Миға шабуыл», «Ой тлғаныс»,«Ыстық орындық», «Вербалды қиял», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз бір тілек».

Дереккөздері: Әдістемелік нұсқау
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тапсырмалар: Топтық талдау, әңгіме құрастыру, сұраққа жауап беру.

Сабақ бойынша коучинг пен мұғалімдердің іс-әрекеті

№4 слайд
І. Психологиялықахуалтуғызу
(2 мин) Коучтың іс-әрекеті
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Комплимент» тренингін ұйымдастыру. Мұғалімдердің іс-әрекеті
Бір-біріне гүл сыйлап жылы лебіздерін айтады.
№5 слайд
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөліну «Шашу шашу»
Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ереже құру керектігін түсіндіру
1. Шағын топтарға стикер таратылады. Топ басшысын таңдау.көңіл күйлерін хабарлаутапсырылады.
2. Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ереже құру керектігін түсіндіру.
3. Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.
Алған кәмпиттердің қағазына қарап топтарға бөліну
Топтың әрбір мүшесі өз ойларын ортаға салып. Бір шешімге келіп топ басшыны сайлайды.
Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.
№6 слайд
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік–сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сын тұрғысынан ойлаудегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау–одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытт алған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жа серекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынына тап көрсетеді.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кезкелген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатын негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Мұқияттыңдапотырып, баяндамашыныңсөзінеөзтәжіриесіненмысалдаркелтіріпотырады.
Әріптестеріміз бағалайды
Қызыл түсі- түсінбедім
Сары түс- әлі сұрақтарым бар
Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті
Стиктің біреуін көтереді
№7 слайд
«Миға шабуыл» стратегиясы Әріптестеріміз бейнефильмді көреді.
Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Екі бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
Флипчартқа өз ойларын жазып беру және қорғау. Берілген тақырып бойынша флипчартқа жазып, идеяларын қорғайды.
«Екі жұлдыз бір тілек» топтар бірін-бірі бағалайды.

№8 слайд
«Ой толғаныс»
Диалогті оқыту дегеніміз не? Әріптестеріміздің алдарына диалогті оқытудың үш түрін береміз. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша суреттерді қатыстырып диалог құратыру. Құрастырған әңгімеқай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет)
Ортаға салып талқылайды. Әр топтан шыққан әріптестеріміз өз топтарындағы дайындаған әңгімені оқып, оны қай әңгіменің түріне жататынын айтып, қорғайды.
№9 слайд
Сергіту сәті
«Две половинки» Проигрыватель Windows Media «Две половинки» биі Интерактивті тақтадан көрсетілген «Две половинки» биіне билейді.
№10 слайд
«Вербалды қиял» стратегиясы Мұғалімдер ситуацилық сұрақтарға жауап береді.
Енжар оқушыны сабаққа қалай тарта аласыз?
Оқушыға екі қоймаудың қандай жолдары бар?
Сабақ өте тартымды, қызықты болу үшін, мұғалімге не керек?
«Ыстық орындық» әр топтан бір әріптесіміз шығып, орындыққа отырып, сұраққа жауап береді. Топтық жұмыс. Әр топтан бір әріптесіміз шығып,ортада талқылаған сұраққа жауап береді.
№11 слайд
Рефлексия  Бүгінгі дәріс жайлы не айтасыздар?
 Алған материал тәжірибеңізге пайдалыдеп ойлайсыз ба?
 Не үйрендіңіз? Өз пікірлерін ортаға салады. Тәрбие.орг сайтынан Мектеп тәжірибесіндегі бағдарламаның 7 модуль идеясы Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мейрханова Жазира Оралкановна

"Ә. Бокейхан атындағы №76ЖББОМ" КММ Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 291 | Жүктеулер: 9
Барлық пікірлер: 0
avatar