Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша рефлексивті есеп.

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 1326
  • Коучинг жоспарлары
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18313


Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша рефлексивті есеп.

Жалпы бірінші «бетпе-бет» кезеңіндегі курс бағдарламасы сындарлы оқыту теориясына негізделіп алынған.Мақсаты: оқушының өз бетінше білім алуын және алған білімдерін өмірде, мектептен тс жерде, тұрмыстық жағдайда тиімді пайдалана білуіне қамтамасыз ету.Оқушы кез-келген деректерге немесе ақпараттарға сыни тұрғыдан қарап, өзінше қорытынды жасай алуы тиіс.
Курста мен бағдарламаның мазмұнымен, ондағы міндеттерімен , мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында негізделгенін тренердің үйретуімен оқып білдім.Тренердің дәріс беру кезінде алғашқы аптасынан мұғалімдермен таныстырудан бастады.Алғашқы сабақтан бастап «алтын ережені құруды» үйретті.Содан барып түрлі қима қағаздар шаршы,үшбұрыш,шеңбер,доғал,мозайка)
арқылы топтастырды.

Топтаса отырып мұғалімдер ұйымшылдыққа, ортақ шешім жасауға, өз ойларын толық жеткізуге, идеяларымен бөлісуге үйренді.Оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс «интерактивті әдіс» түрлеріне тоқтам жасадық.Дәстүрлі сабақта ондай әдістерді қолданатынбыз, дегенмен теориялық тұрғыда қалай аталатынына көңіл бөлмеген екенбіз.Бағдарламада замануи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің практикада зерттеу жұмыстарының ықпалдасуынан көрінеді. Бағдарламада көрсетілген жаңа тәсілдердің бірі мұғалімдердің өз тәжірибесі туралы ойлануы.
- мен не үйрендім?
- бағдарламадан не түсіндім?
- тәжірибемде қалай қолданамын?
- нәтижесінде нені талдап, синтездеймін?
- бағалаудың қандай түрін қолданамын?
Бағдарламаның негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген(Vigotsky 1978.Wood 1998)
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту.
Курс барысында оқушылардың кез-келген тақырыпты өзіне оңай тәсілдермен меңгеретіндігін теориялық тұрғыда үйрендім. Мұғалім оқушының түсіну деңгейін анықтап, ой-түсініктерін қалыптастыруда үлкен міндетке ие болады.Мектеп тәжірибесінде оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруде мұғалім өз алдына замануй түрде талаптар қояды:
-балалар қалай оқиды?
-оларға нені оқыту керек?
-оқытудың құрылымын қалай реттеу керек?
-мен өзімді білім деңгейімді қалай бағалаймын?
Курс барысында мұғалімдерге арналған нұсқаулық пен бағдарлама негізін оқып үйренуден бастадық. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 7 модульді меңгеру, мектептегі тәжірибе барысында жоспарға енгізу.

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4.Оқытуда АКТ-ны қолдану.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Мектептегі тәжірибе кезінде бағдарламаның негізгі модульдары мен идеяларын іске асыру үшін алдымен мектеп әкімшілігімен, мектеп психологтарымен, әріптестермен ,ата- аналармен кездесу барысында алға қойған мақсатым туралы қысқаша мағлұмат бердім.Сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдер мен модульдарды енгізу туралы жоспар құрдым.Мектеп директоры Оңғарбаева Жанна Бүркітбайқызы- мен кездесу барысында орта мерзім мен қысқа мерзім жоспарына болашақта қандай өзгертулер енгізуге болатыны туралы кеңестім.

Мектеп әдіскері Мусакулова Хадиша Көпірбайқызымен кездесуде мектептегі тәжірибе кезінде өткізетін сабақтарым туралы, орта мерзім мен қысқа мерзім жоспарының жаңа үлгісін енгізгім келетіні туралы кеңестім.

Әріптестеріммен кездесу барысында курста үйренген 7 модульді қалай қолданатынымды, оқушылардың қаншалықты игеретіндіктері туралы әңме жүргіздім.Олар маған қолдау көрсететіндерін айтты.

Ата- аналар жиналысын өткізуде , менің мектептегі тәжірибе барысында оқушыларды бейнетаспаға түсіруді, бағдарламаның мазмұны туралы қысқаша мағлұмат бердім.

Ата-аналар тарапынан сабақ өтуіме ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Дегенмен балаларының жаңа білім алып, мінсіз оқушы тұрғыда көрінетіндігіне сенімдерін білдірді.Оқу барысында менімен бірге білім алып жүрген әріптесім Сапақова Айсұлумен сабақ барысында ақыл –кеңес беруде көмегін беретінін айтты.Оқушыларыммен кездесу барысында кіріспе сауалнамасында сабақтың сындарлы түрде өтетіндігін айттым.Менің мұндай жаңалығым оқушыларға ерекше әсер етті. Музыка пәніне деген қызығушылықтары арта түсті.
Курс барысында мен не үйрендім?
Музыка пәнінде модульдарды игеруде оқушыларға дұрыс бағыт- бағдар беруді,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңа технологиялық ақпараттарды пайдалануды,топтық жұмыстарды ұйымдастыра білуді,7 модульді қолдануды, өзін-өзі бағалауын үйреттім.
«Мектептегі тәжірибе» кезіндегі тапсырмалардың нәтижесі мен үшін кереметтей әдістемелік құрал болады деп санаймын.
Дәсүрлі сабақ барысында оқушылар сыныпқа музыкамен кіріп сәлемдесетін.Содан сабақ жалғаса беретін.Жаңа сабақтың тақырыбын баяндап, өткен сабақты сұрап шыққан соң қалған сабақты әнмен жалғастыратынбыз.Яғни теориялық сабақтан гөрі практикалық сабақ басымдау болатын.Ал кәзіргі сындарлы оқытуда сабақ өзінше бір ретіне келген секілді.Алғашқы аптада оқушыларды алдымен топтық жүйеге келтіруді үйреттім.Жаңаша білім алуда кіріспе сабақтар жүргіздім.Мектеп пен сыныптағы мәдениет, алтын ережелер,мінсіз оқушы, талантты және дарынды оқушылар сияқты ұғымдармен таныстырдым. «Мінсіз оқушы дегенді қалай түсінесіңдер»- деген тапсырма бердім.Әр оқушы өз ойларын қағаз бетіне түсіріп жатты.Дегенмен менің ойымдағыдай жаза алмады.Өйткені олар теориялық тұрғыда оның не екенін білмейді.Мен «мінсіз оқушыға» сипаттама беріп, қасиеттеріне тоқтам жасадым.Осыдан «Метасана» ұғымы қалыптасады.
Метасана оқыту жолдарының бірі-ойлау тілін анық етіп жасау,оны сабақ жоспарында , сыныпта талқылау болып табылады
(«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» Flavell 1979)
Топтық жүйені ұйымдастыруда менің жете түсінгенім әріптестеріммен, 6 «А» сынып жетекшісімен пікір алмасу барысында «топтық», «жұптық» туралы түсініктерін қалыптастырдым.Ұжымдық, ынтымақтастық, сыныптастарының пікірін тыңдау, бірін-бірі бағалау ,ой қозғау,талантты және дарынды
балаларды анықтауды ортада талқыладық.
Бағалау туралы айта кететін болсам, курсқа дейінгі сабақтарымызда үй тапсырмасына,жаңа сабақты игеруіне, музыкалық шығармаларды орындап (ән айту,талдау) әдістерін дұрыс игерген оқушыларға «5» , «4» деген бағаны жауап берген сәтте ақ қоятынбыз.Кәзіргі ұғыммен айтқанда суммативті түрде бағалап қоятынбыз.Сындарлы оқытуда сабақ барысында бағалаудың формативті және суммативті түрде жүретінін үйрендім.

Осындай тапсырмаларды орындауда мен нені үйрендім?
Ашық, жабық сұрақтарды қоя білугеүйрендім.Қандай да бір қиындықтардан шығу жолын,дұрыс жолға қоя білуді үйрендім.Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануда оқушылардың іс-әрекетін бақылай отырып бағалаудың екі түрін үйрендім.
Тәжірибе барысында кездескен қиындықтарды жеңе білуге , әріптестерімнің пікірін тыңдай отырып зерттеу барысында тәжірибе жинақтадым.
Сабақтарымды Блумның 6 кезеңіне салып анықтау барысында сыни тұрғыда ойлауын дамыттым.
Мектептегі іс- тәжірибе кезінде кездескен қиыншылықтарды
қалай жеңдім?
Сабақ барысында оқушылар сұрақты жеңіл түрде қоятын.Өйткені олар соған дағдыланған.Мен оларға күрделі сұрақтар қоюларын талап еттім.Сабақтарға
7 модульді қолдануды жоспарға енгіздім.Кедергілердің бірі мультимедиялық кабинеттің жетіспеушілігі ,уақыт тапшылығы болды.Бізге дейінгі мұғалім біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейінен білім алып кеткен Мақажанова Айгүл,Жансұлу секілді мұғалімдермен ақылдаса отырып, болашақта осындай қиындықтан шығу жолдарын айтып түсіндірді. Бір сабақта бірнеше әдістерді бірден қолдана алмайтынымды білдім.Зерттеуші ғалым Джон Хетти де оқыту өнері туралы «...оқыту үдерісі сабақ барысын құрғаннан кейін, ақпарат берілгеннен кейін және сыныпты ұйымдастыруға қол жеткізілгеннен кейін өз деңгейіне жетеді.оқыту өнері және оның басты табыстары «бұдан әрі не болады» дегенмен байланысты оқушы білім мен дағдыны қалай ойластыратынына, қолданатынына, жоққа шығаратынына немесе қайталанатынына, оқушының басқа мәселелерді шешу үшін білімін қалай байланыстырып, қолданатынына , оқушының мұғалім оқытатын әдістер мен мазмұнға байланыстысәттіліктерге немесе сәтсіздіктерге қалай әрекет ететіне мұғалімнің жауапты әркеті.Оқыту – бұл ерікті ,дербес , күш салуды қажет ететін үдеріс.Ынтаны ышыдамдылықпен мұқияттылықты талап ететін өзіндік серпіні болуы мүмкін ескі, баяу, бір ізді үдеріс»- деген.
Жалпы қорыта келгенде 7 модульді сабаққа кіріктіру, жаңа әдіс- тәсілдерді меңгеру, менің сабағымды жаңаша түрлендірді.Болашақта
5-6 сыныптарды алып , осы тәжірибе кезімдегі кемшіліктерден шығу жолдарын анықтаймын. Сонда ғана мен білікті, білімді замануи ұстаз боламын деген үміттемін.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» III- деңгей
2. «Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар»
III-деңгей
3. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Тәрбие.орг сайтынан Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша рефлексивті есеп. Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсенкулова Дарига Махамбетовна

Жамбыл облысы Тараз қаласы №16 орта мектебі Музыка пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar