Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1387
  • Коучинг жоспарлары
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18857


Коучинг жоспары
II деңгей мұғалімі Темиртаева Улжан Талипбаевна

Сабақтың тақырыбы: Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Сабақтың мақсаты: Қатысушы мұғалімдерге оқушының білімін шыңдау үшін жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарда тиімді қолдануға үйрету.

Мұғалімнің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:
Оқушыларды оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда беретін нәтижеге жететінін анықтайды.
1. Бірлескен жұмысты ұйымдастыруға дағдыланады.
2. Өзінің тәжірибесінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға дағдыланады.
3.Тыңдап сұрақты қоюға үйренеді.
Сабақтың нәтижесі: Жаңа әдіс-тәсілдердің түрлерімен танысып түсінеді,әдіс-тәсілдердің сабақтарда қолданғанда тиімді жақтарын саралап анықтайды, белгілі бір жүйе құрады.
Коучинг өткізу әдісі:
1.Тақырыпты тапсырмаларды топпен жұмыста орындау арқылы игерту.
2.Жаңа әдіс-тәсілдердің сабақта қолданғанда белгілі бір нәтижеге жететіндігін түсіндіру.
3.Практикалық жаттығулармен ,сергіту сәті және мұғалімдермен кері байланыс жасау.
4.Сабақ өтетін мұғалімді анықтау.
5.Сабақ жоспарын бірлесіп құру.
6.Керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Ұсынылған ресурстар.
Қолданылған құралдар: стикер, плакат,түрлі-түсті қаламдар,слайдтар,ақ қағаздар.АКТ,
конфеттер.

Коучинг барысы:

Топқа бөлу.
Тақтаға «Денсаулық» «Бақыт» «Сәттілік» деп жазылған стикерлерді жазып,мұғалімдер үш топқа бөлінеді.5 минут.
Топқа бөлініп болған соң, бейне таспадан топтық жұмыс жасауда қолданылатын іс-әрекет туралы бейне фильм көрсету.(мультфильм) 5 минут
Бейне фильмнің мазмұны бойынша әңгімелеу.
1.Жеке дара өздерінің түсінігін ойша қорытындылау.1 минут
2.Топ бойынша талқылау.4 минут
3.Әр топтан бір мұғалім шығып өз түсінгендерін айтып береді.10 минут
Осылайша топтық қарым-қатынасты нығайтып,ортаға ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырды.

1.Топ ережені құру (нұсқау ретінде) 5 минут
2. Бейнетаспадан жаңа әдіс-тәсілдер туралы слайдтар көрсету.

Нұсқау: Алдарыңызға бейне таспа қойылды.Көрсетілген бейне таспаға қарап мән беріңіздер. 10минут.
А) Бейне таспадан не көрдіңіздер?
а) Слайдтан нені түсіндіңіздер?
в) Бұл тапсырмалар сізге қандай ойлар туғызды?

Коучинг жүргізушісі: Тақырып мазмұнын өздеріңіз ашып көрсеттіңіздер.
Бүгінгі тақырыбымыз «Оқу мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану».
Белсенді әдіс қолдану.
Мұғалімдерге бақылау парағын ұсыну. Онда олар уақыт белгілеуші, спикер, хатшы сайлап алады.Сол бойынша жұмыс жасайды.
Нұсқау:
1.Жаңа технология әдіс-тәсілдері туралы білетіндерін плакатқа түсіріп жазады.10 минут
2.Топ аралық жұмыстарды құру, пікір алмасу,өзара әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін айтып сараптама жасайды.5 минут
3.Топтың өз жұмысын қорғау. 10 минут.
Әр топ жұмыс жасағанда сұрақтар,ұсыныстар айтылып қорытынды жасалып отырады.
Жұмыстарды қорғаған кезде формативті бағалуа жүргізіп отыру.
Формативті бағалаудың түрлері: стикерлер,конфеттер және жесттің түрлері.
Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Бейне таспадан қазақтың ұлттық өлеңі «Қара жорға» өлеңін қойып билету 3 минут.

4.Сергіту сәтінен кейін сабақта алған жаңа технологияның әдіс-тәсілдерінің қолдануда берер нәтижесі туралы қысқаша эссе жазады.5 минут

5.Сабақ өтетін мұғалімді анықтап, жопар құруына және керекті құрал-жабдықтардың қолданылуын брігіп жәрдем беру.10 минут.

Кері байланыс сұрақтары: 7 минут.

А)Бұл сабақта не үйрендіңіздер?
В) Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
С) Өзіңіздің келешектегі тәжірибеңізде, сабақта қандай өзгерістер енгізесіз? деген сұрақтар бойынша екі жұлдыз бір тілек бойынша жұмыс жасады, яғни не ұнады, не ұнамады, ұсыныс.

Әрбір қатысушыға сауалнама беріліп, алған әсерін, үйренгенін, пікірін қағазға түсіріп айқындау. Тәрбие.орг сайтынан Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Темиртаева Улжан Талипбаевна

Пікірлер: 0

avatar