Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқушылардың қабілеттері мен оқуға жағымды көзқарастары
  • 20.05.2016
  • 1021 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19069

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (47.9Kb)

Коучинг сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың қабілеттері мен оқуға жағымды көзқарастары.
Өтілетін уақыты:
Сабақтың мақсаты: Оқу үдерісінде оқушылардың әртүрлі қарым-қатынастары мен көңіл-күйлерін болжамдау.
Күтілетін нәтиже: Оқу сапасын арттыру мақсатында мұғалімдердің қарым-қатынасты анықтауы, реттеу әдістемесін және оқушылардың көңіл-күйін игеру. ЖАДА туралы түсінік қалыптасады.
Коучингті өткізу әдістері: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Практикалық жұмыс Джиксо әдісі бойынша: тілдік материалдар, театрлық тәсіл, өзін-өзі реттеу идеясы, жадыны пайдалану әдістерін көрсету.
Ұсынылған ресурстар - А.Алимов "ИБО-ны ЖОО-да қолдану мәселелері" оқу құралы
- 400 игр
- МАН

Уақыты Коучердің іс-әрекеті Мұғалімнің (тыңдаушының) іс-әрекеті Қолданылған көрнекіліктер

10 минут

5 минут Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу:
- Қайырлы күн әріптестер!
Барлығымыз ортаға шығып шеңберге тұрамыз. Қазір мен сіздерге "Атом-молекула" деген сөздерді айта отырып, үй тапсырмасын сұраймын және топқа бөлемін.
Үй тапсырмасын сұрау

Топтағы қызметін бөліп беру
Ең кішісі топ басшы, жасы үлкені баяндаушы болады.
Амандасады.
Мұғалімдер орнынан тұрып атом дегенде бей-берекет қозғалады, ал 2 молекула немесе 3 молекула дегенде мұғалімдер жиналып топ боп үй тапсырмасын бір-біріне айта бастайды. Ең соңында 3-4 молекула болып жиналған топтар, сол топ бойынша бөлінеді.

Топ басшы, баяндаушы қызметін бөліп алады.

10 минут

Ой қозғау:
Сыныптағы оқушылардың қабілеттері қандай?
Олардың оқуға деген көзқарастарын қалыптастыру үшін сіздің әрекетіңіз қандай?
Ал, ата-аналар ше?
Мұғалімдер өз пікірлерін айтады.

20 минут

5 минут

20 минут

5 минут

10 минут

5 минут
Бүгінгі біздің тақырыбымыз: " Оқушылардың қабілеттері мен оқуға жағымды көзқарастары".

Мағынаны ашу:
1-тапсырма
Нұсқау: Топтаса отырып, "Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы", "Көпіршелер" және олардың ЖАДА-ға қатынасы, тақырыпшаларын бөліктерге бөліп оқу тапсырылады.
Джиксо әдісі бойынша тақырыпты оқып болған соң әр топты 1,2,3 деп бөлемін, олар түсінгендерін басқа топтарға барып түсіндіреді де, өздерінің тобына келіп айтып береді. Әр топтан бір мүшесі шығып түйін сөзді айтуы қажет. Жақсы жауап берген топты басбармақ арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

2-тапсырма: Оқушының сипаттамасы
1-топ. Өте сақ Салли
2-топ. Дәрменсіз Ханна
3-топ. Риза болған Сэм тақырыптарын оқып, мұғалім көмектесу үшін не істей алады? Әр топтан екі скипер шығып
қорғаңыздар.
Бағалау. (Екі жұлдыз,
бір тілек) арқылы бағалау әдісін
түсіндіріп өтеді).

3-тапсырма: Оқушы қабілеттерін қалай өзгертуге болады-Мұғалім оқушының мүмкіндіктерін өзгерте алады деген кеспе-қағаз таратамын.

Рефлексия: "Табыс ағашы" (сабақта ұнаған 3 нәрсені көрсетіп, оларды неліктен таңдағандарыңызды дәлелдеп беріңіздер).


Өздері оқыған материалды ортаға сала отырып ой бөліседі және басқа топқа барып өз тобында талқылаған материал бойынша өз ойларын ортаға салады.

Әр топтан бір спикер шығып түйінді ой айтады.

"Ең аяулы жан".

Мұғалімдер өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Әр топтан 2 скипер шығып постерді қорғайды.
Топ мүшелері (Екі жұлдыз, бір тілек) арқылы бір-бірін бағалайды.

Мұғалімдер кеспе-қағазды толтырады, өз ойларын айтады, қорғайды.

Эссені өз ойларымен жазады



МАН ІІІ деңгей

видеоролик

стикерлер.

Кеспе-қағаз

А4 парақ


Коучер: Тәрбие.орг сайтынан Оқушылардың қабілеттері мен оқуға жағымды көзқарастары Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туртбаева Рауза Жаксиликовна

ОҚО Шымкент қаласы № 60 жалпы орта мектеп Тарих пән мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 1021 | Жүктеулер: 20
Барлық пікірлер: 0
avatar