Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі.
  • 05.02.2016
  • 787 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15603

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (24.1Kb)

Коучинг сесиясының жоспары
Коучинг тақырыбы
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі.
Мақсаты Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін сабақта қолданудың жолдарын үйренеді.
Күтілетін нәтиже Топтық жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін практикада тиімді пайдаланудың үйренеді.
Пайдаланған құралдар Маркерлер, постерлер, сауалнама, МАН, мәтіндер.

Коучинг сесиясының барысы уақыты Коуч пен кочингке қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті.

Ұйымдастыру
Топқа бөлу 5 мин. Қатысушыларды топқа бөлу үшін«Жемістер» ойынның тәртібімен таныстыру, қатысушылар ойын ойнап жүріп топқа бөлінеді.
Топтың ережесін шығару 5 мин. Топтық жұмысты ұйымдастырудағы негізгі қағиданы ұстану үшін, сый-
ластықты сақтау мақсатында қатысушылар топ ережелерін құрап айтады, коуч тақтаға жазып тұрады. Топта жұмыс жасау барысында құрылған ереже басты роль атқарады.
Коучинг тақырыбын айту, Мақсатын, күтілетін нәтижелерін айқындау. 5 мин. Коуч слайд-презентация арқылы тақырыппен таныстырады.
Тақырыбы:
Топтық жұмысты ұйымдастыру
Мақсаты:
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру, шығармашылық баулу.

Міндеттері:
• Оқу сапасын арттыру
• Сабақа тиімділігіне кепіл болатын озық тәжірибелер мен жаңа технологияны қолдану.
• Оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып, шығармашыллық қабілетін дамыту
• Оқушылардың оқу техникасы мен жазу каллеграфиясын жақсарту
• Оқушылардың денсаулығын нығайту үшін сауықтыру шараларын үнемі орындату
• Ата-аналармен жұмысты жандандару, оқыту мен тәрбие үрдісіне тарту.
Күтілетін нәтиже:
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың ойлау қабілеті дамып, шығармашылық деңгейі артады..

Мағынаны тану
5 мин. Жеке жұмыс
Асық деген не? деген сұрақ қойылады
Блулм таксаномиясының жоғары деңгейлі сұрағы
Кестеге жазып қойыңыздар деп кестенін білемін бөлігін толытрту.
Білемін Білдім Білгім келеді


Тапқырыпты ашып алу үшін экраннан «Асық» туралы видио көрсетіледі.
Топтағы жұмысты бастау үшін «Асық» тақырыбында үлестірмелі материалдар таратылады.
(мозайка әдісі)

(ДЖИКСО әдісі) 5 мин.
Топтық жұмыс
Топта жұмыс жасау үшін адам санын
1,2,3(санды өзгертугеде болады) санына қайталау арқылы бөлу.

Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқыту.
Ортада топтар «ДЖИКСО» әдісі арқылы тақырыпты талқылайды.

Постер қорғау 9 мин.
(әр топқа 3 мин.) Топта жасалған жұмыстарды ортаға шығып талқылайды. Өзге топтар мұқият тыңдайды.
Енді кетенін БІЛДІМ бөлігін толтырту.
Ойын кезеңі 5 мин. Ортаға әр топтан 3 адамнан ортаға шақырылып «Тізбек», «Қанталапай» ойындары ойнатылады.
Қортыныды
Ой толғау 2 мин

Қатысушылар өз топтары мен басқа топтардың жұмысын бағалайды.
БҰл жерде кестенін БІЛГІМ КЕЛЕДІ бөлігін толтырады.
Бағалау 5 мин. Әр топтан топ басшысы шығып бағалайды Тәрбие.орг сайтынан Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі. Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жиенбаева Жанаргуль Оразбековна

Астана қаласы №63 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары | Логин: new_life90
Көрсетілім: 787 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar