Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудің жолдары»
  • 19.01.2017
  • 74 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21112

1
2 Коучинг тақырыбы 2-апта
Коучинг сессиясының тақырыбы:
«Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудің жолдары»
Мақсаты: Сабақта сын тұрғысынан ойлауды пайдалануды дамыту.
Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға талдауға бағытталаған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сабақ беру мен оқытудағы сыни тұрғыдан ойлауы сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады

Түйінді идея Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мұғалімдер жеке басының тәжірибесіндегі дәлеледерге мән беруге зор ықпал ете алады.Оқушылардың бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс –әрекетімізге немесе әр түрлі әдістерді енгізуге дайын болуға көмектеседі. Балалардың сыни ойлауы мен өзіндік идеясын анықтауға, белсенді болуына мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтиже • Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге;
• Білім беруде оқушыны дәлелдерге мән беруге ынталандыру, шағын топтарда жұмыс істеу әдістерін тиімді қолдануға;
• Ойлау мен оқыту тәжірибесіне енгізуде, ақпараттар жинауда сын тұрғысынан талдау мен бағалаумен танысады
Қолданылатын ресурстар Бейне жазбалар, флипчарт, ,
Коучинг сессиясының өту барысы 1.Өзін-өзі реттеу (бейнеролик көрсету)
2. Сергіту сәті .Психологиялық ойындар.
1-топ. «Құбыр» ойыны(қағаз және шарик керек)
2-топ. «Шеңбердегі саусақтар» (шеңбер керек)
3-топ. «Өткел» (жіптен өту).
4-топ. «Шеңберлер» (бормен сызылады)
3.Мұғалімдерді «Сын», «тұрғысынан»», «ойлау», «стратегиялары» атты топтарға бөлемін.
4. Топтардың ережелері нақтыланады.
5.Тест. Сіз қандай мұғалімсіз?
6.Сын тұрғысынан ойлауға байланысты таныстырылым көрсету. Талдау. Стратегияларына тоқталу.
7. «Бәрі өз қолыңда» бейнероликті көру. Негізгі идеясын талдау.
Топтық жұмыс орындау:
А)Оқушыға бәрінің өз қолында екенін қалай түсіндіресіз?
Ә)Қандай тәсілдер арқылы?
Б)Әр сабағыңызда оқушыларды өмірге бейімдейсіз бе? Қалай?
В)Өмір қиындықтарынан шығу жолдарына бейімдеуге бола ма?
(Топтық жұмыс орындап жатқанда, «Өмір жайлы» бейнебаяндар қойылады).
8.Топтар постерлерін қорғайды, бір-біріне «Екі жұлдызша,бір тілек айтады».
9. «Қанағат қыл, қолыңдағы барыңа» атты бейнероликті сын тұрғысынан ойлау стратегияларының бірі «Аялдама» әдісі арқылы талдау.
10.Жұмыс нәтижесі бойынша топтарды бағалау.
11. Шайдың тарихын айта отырып, шай ішуге шақыру....(астарында сыни тұрғыдан ойлау...жатыр)
Шай іше отырып, өтілетін сабақтарға жоспар жасау, бір-бірімізбен ой бөлісу.
Интернеттен алынған аңыз негізінде, үстелге әр түрлі кружкалар қойып, әріптестеріме қалағандарын таңдап алуды ұсынамын. Әркім өзіне ұнағанын таңдап алады. Бұл әрине адамның өзі үшін жақсыны таңдауы қалыпты нәрсе. Бірақ... ыдыс шайды жақсарта алмайды ғой. Біз қандай ыдыспен ішсек те шай өзгермейді. Ыдыс тіпті біздің не ішіп отырғанымызды да жасырады. Алайда сіздер саналы түрде ыдыстарды таңдап алдыңыздар. Ал енді ойланыңыздар ... «өмір-бұл шай». Жұмыс, ақша, жағдай –олар қолымыздағы шайдың ыдысы. Бізде қандай ыдыс болса да, ол өмірдің сапасын анықтай алмайды, өзгерте алмайды. Біз кейде ыдыстың әдемілігіне қызығып, шайдың дәмін ұмытып кетеміз. Негізінен бақытты адамдар барлық жақсы нәрсені несі бар содан жасай білгендер» дедім де шәй туралы қытай ертегісін айтып, «шай жаныңды қуаттандырады, жүрегіңді елжіретеді, шаршағаныңды басады. Олай болса, өміріміз мәнді де қуанышты болсын» дей отырып, шайларын алуды ұсынамын.

12. «Кері байланыс».
Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?
Нені түсінбедіңіз?
Келесіде не өзгертер едіңіз?
Cізге коучинг ұнады ма?



13. «Ыстық орындық»

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл Сыни ойлауды сабаққа қалай енгізетінің бағалау және жоспарлау үшін мұғалімдер топпен төртеуден бірлесе отырып жұмыс істейді. Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге сыныпта сыни ойлауды қалай пайдалануға болатынын анықтау. дағдыларды пайдаланатынын қарастыру.
Жалпы уақыты 90 минут
Өтілетін орны Мәжіліс залы Тәрбие.орг сайтынан «Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудің жолдары» Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы

Алматы қаласы Түркісіб ауданы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 74 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar