Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқыту және оқу үдерісінде АКТ-ның құралдарын қолданудың маңызы
  • 20.11.2016
  • 122 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20110

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (64.0Kb)

Коучинг сабағына арналған оқыту мақсаттары: Әріптестеріме оқыту үдерісінде АКТ-ның құралдарын қолдануға бағыттау. Деңгейі жоғары әріптесінен үйренуіне ықпал жасау.
Коучинг барысында "Шаттық шеңбер" құрып болған соң бір–біріне тілек айту арқылы жағымды атмосфера қалыптастырылды. Сурет бөліктерін құрастырып, топтарға бөлінді. Осы құрастырған суреттері жайлы не білетінін топ ішінде талқылап, жазып шығуға тапсырма берілді. АКТ-ны қолдану деңгейіңіз қандай? деп өзін бағалауға тапсырма беріп, өздерінің қай деңгейде екенін бағалады. Егер толық білемін десе жасыл стикерге, жартылай білетін болса сары стикерге, мүлде білмейтін болса қызыл стикерге жазуға тапсырма берілді. АКТ-ны жоғары деңгейде меңгерген мұғалім төмен деңгейде білетін мұғаліммен жұптасып, "Ақпараттық технология дәуірінің ұстаздары", "Балашақтағы АКТ" және "АКТ-ның білім берудегі пайдасы" тақырыптарының бірін таңдап алып, жұптасып жұмыс жасауы қажет. Әріптесімен жұмыс барысында, білмейтін нәрселерін түртіп алып отыруы тиіс. Жұмыс аяқталғаннан соң, әріптесінен не үйренгенін айтуы қажет болатын. Критерийлер арқылы басқа топтың жұмысын бағалайды. Жасаған презентацияларын қорғауға, қарсы топтағы әріптесін "Үш шапалақ" әдісімен бағалауға тапсырма беріледі. "Электронды оқулықтар" бейнежазбасын тамашалап, топ ішінде талқылайды. Түйінді идеяны, яғни не түйгендерін айтады. Топтар бір-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды. Презентациямен тамашалайды. Рефлексия парағын толтырады. Тәрбие.орг сайтынан Оқыту және оқу үдерісінде АКТ-ның құралдарын қолданудың маңызы Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бәкірбаева Зарипа Сейдалықызы

ОҚО Сарыағаш ауданы №137 жалпы орта мектебі Информатика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 122 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar