САБАҚТАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 952
  • Коучинг жоспарлары
  • 18/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19726


Дайындаған Бастауыш сынып мұғалімі: Қапанова Ж.А
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Тақырып: Сабақтағы кері байланыс
Мақсат: Тиімді кері байланысты ұйымдастырудың техникаларын қолдануға үйрену
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады.
• Кері байланысты жүргізу мақсатын түсінеді
• Кері байланыс пен рефлексияны ажырата алады
Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері.
Қолданылатын материалдар: А4 парақтары, стикерлер, интерактивті тақта, маркер, қалам.
Power Point бағдарламасында дайындалған презентация
Оқыту әдістері: АКТ
Сыни тұрғыдан ойлай оқуға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дереккөздері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері /А.Әлімов/
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Эпиграф Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Тәрбие.орг сайтынан САБАҚТАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қапанова Жібек Аманғазықызы

ШҚО Аягөз қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш класс оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar