«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары және Критериалды бағалау» тақырыбы бойынша коучинг жоспары

  • Жүктеулер: 17
  • Көрсетілім: 228
  • Коучинг жоспарлары
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23480


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Жамбыл облысы Шу қаласы

Ғани Мұратбаев мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ахмедова Тамара Алмахановна

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары және Критериалды бағалау» тақырыбы бойынша коучинг жоспары
Өткізілген уақыты 13. 12. 2017 жыл
Сабақ тақырыбы: « Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары және Критериалды бағалау»
Жалпы мақсат: Сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту әрі критериалды бағалау
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-104 беттер
Оқу нәтижесі Тапсырмаларды орындау барысында Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары және Критериалды бағалау әдістемесін игеруі, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу.
Түйінді идеялар: үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 3 парақтары, стикер, А 4 парақтары, маркер, қалам, ватман.
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Коучинг АКТ 1. Аудио жазбаны тыңдап, өзінше жалғастыру.
2. Мәнерлеп оқу.
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, Шешендік сөздер кітабы
Тапсырмалар: Аудио жазбаны тыңдап,өзінше жалғастыру,топтастыру.
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-104 беттер


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Уақыты Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу
3 минут
«Мақтау айту» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап тұрады. «Қанекей, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Бір-бірімізге қарайық. Бір-бірімізді жақсырақ сезінуге тырысайық. Қазір арамыздан біреуіміз шеңбердің ортасына кіреді де, шеңберді сағаттың тілі бойынша жүріп әрбір қатысушының алдына тоқтайды, әрбір қатысушы сол сәтте ол адамға мақтау айтады. Бірінші қатысушы, төрт адамның алдынан өткеннен кейін, екінші қатысушы оның артынан жүре бастайды және т.с.с. кезекпен»
2 минут
Түрлі-түсті кәмпиттермен топтарға бөлу. Үстел үстіндегі әртүрлі кәмпиттерді алып, сол арқылы топқа бөлінеді.

12 минут

«Еңбек етпеген ішіп- жемейді» шағын әңгімесінің аудио жазбасын тыңдатып, белгілі жерінде үзіп, жалғастырту.
1. Жазғандарын оқыту
2. Әңгіменің қалған жерін тыңдату
3. Салыстыру Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады.

15 минут
1.топ «Еңбек»
2.топ «Бақыт»
3.топ «Бағалаушы» Белгіленген уақыт ішінде А-2 парағына топтастыру
Әр топ қорғайды
2 минут Ақпарлама Джон Дьюи зерттеуі Power point арқылы қысқаша мәлімет беру Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары және Критериалды бағалау» туралы қатысушылар мәлімет алады.
2 минут Сергіту « Жалын - мұз» жаттығуы.
Топтар жаттығу орындайды
10 минут

Көркем шығарма оқу

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
Бір-бірін тыңдайды, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.
10 минут Мәнерлеп,күліп,жылап оқу
1.топ « Еңбек » Алманың пайдасы
2.топ « Бақыт» Алманың зияны
3.топ « Бағалаушы» Топтар образға енеді, рөлдерді сомдайды.
Постер қорғау
Қорытындылау
2 минут
Бағалаушы топтың қорытынды сөзі

«Жалын - мұз» жаттығуы.
Қатысушылар тік тұрып «Жалын» дегенде жылдам барлық дене бұлшық етімен қимыл-қозғалысқа түседі. Әрбір қатысушы ошы өз ырқына қарай алады. Ал «Мұз» дегенде сол тоқтаған кейпінде қалшиып қалады. Жүргізуші бірнеше рет бұл үрдісті қадағалайды.
Рефлексия

2 минут
Бастапқыда өз көңіл күйлерін

«Білім кәрзеңкесі» түрлі-түсті стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып білім кәрзеңкесіне салады. Тәрбие.орг сайтынан «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары және Критериалды бағалау» тақырыбы бойынша коучинг жоспары Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахмедова Тамара Алмахановна

Пікірлер: 0

avatar