Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі»
  • 20.11.2016
  • 145 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20109

«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі»
«Балаға өз бетімен зертттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн.
Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап.екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, диалогқа түсе білуге, өзін – өзі бағалауға, өз ойын ашық айтуға қалыптастыру.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал. «Жүректен - жүрекке» Мұғалімдер ортаға шығып шеңберге тұрады да, өздері бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.Мысалы: Жазира, мен саған ұзақ ғұмыр тілеймін!
ІІ. Топқа бөлу Әр мұғалім өлең жолдарын алып, өзінің сыңарын тауып алып шағын топтарға бөлінеді. (Топ атауын құрып, құрастырылған өлеңді әуенімен айтады)
Топ ережесін құру
ІІІ. «Миға шабуыл»
Қазіргі заманауи оқушы мен мұғалім қандай болуы керек?
ІV. «Ой толғаныс» Бейнетаспадан «Құмырсқалар» тақырыдында аннимациялық фильмді тамашалап, талқылау.
V.Түрткі сұрақ арқылы тірек сөздерді жазу.
1. Осы бейнекөрініс сіздерге қандай ой салды?
2. Қай кезде мұғалім көп сөйлейді?
3. Қандай жағдайда әңгіме тек оқушылар арасында жүреді?
4. Кездескен қиындықтарды қалай жеңуге болады ?
5. Белсенділігі төмен немесе мүлде әңгімеге қатыспайтын оқушыны қалай тартасыз?
6. Сабаққа дайындылмай келетін оқушымен қандай жұмыс жүргізесіз?
Оқушыға ешқашанда ұрспайық,
Жанын түсінер, жанашыры болайық.
Қиындықта қастарынан табылар,
Ұтымды ой айтар, адал досы болайық.
VІ. «Сэнквейн» әдісін қолдану. Бес жолдық өлең құрастыру.
Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек»
VІІ. Сергіту сәті. «Шырша биі»
ҮІІІ. «Вербалды қиял» стратегиясы.
Мұғалімдер ситуацилық сұрақтарға жауап береді.
Енжар оқушыны сабаққа қалай тарта аласыз?
Оқушыға екі қоймаудың қандай жолдары бар?
Сабақ өте тартымды, қызықты болу үшін, мұғалімге не керек?
ІХ. Суммативті бағалау.
Топ мүшелері бір-бірін жұлдызшалар арқылы бағалайды. Топтың әр мүшесіне жұлдызшалар таратылады, сол жұлдызшалар арқылы қай топтың жұмысы жоғары деңгейде болса, сол топтың тұсына жапсырады.
Х. Рефлексия.
«Жетістік ағашы»
Бұл жобаның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту»бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру,іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты
барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы
мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз”
Н.Ә.Назарбаев Тәрбие.орг сайтынан «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі» Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мейрханова Жазира Оралкановна

"Ә. Бокейхан атандағы №76ЖББОМ"КММ Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 145 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar